Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан өңірлеріндегі көмір бағасы аталды

Қазақстан өңірлеріндегі көмір бағасы аталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов өндірушілер көмірді қандай бағада сатып жатқанын және ол халыққа қандай бағамен жететінін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көмір шахталарындағы баға қандай? Ал өңірлерге қандай бағамен жетеді? Көмірді алдын ала сатып алу бойынша халықпен жұмыс қалай жүргізіліп жатыр" – деп сұрады Смайылов Үкімет отырысында.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көмір кеніштері бағаны ұстап отырғанын айтты.
"Былтырғымен салыстырғанда Шұбаркөл карьеріндегі баға төмендеді. Қалған карьерлер былтырғы бағамен қалды. Біз ҚТЖ-мен де келістік, олар тарифті көтермейді, бұрынғы деңгейде ұстайды.
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі баға - тоннасына 14,5 мың теңге. Әкімдіктермен бірлесе отырып, жеткізуші компаниялармен бағаны қолжетімді ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Өскенбаев.
Министр Ақмола облысында Қаражыра көмірі 14,5 мың теңгеден, ал Шұбаркөл 15 мың теңгеден сатылып жатқанын түсіндірді.
"Сонымен қатар, Ақмола облысында (кейбір жерлерде көмір сатылады - еск.) 22 мың теңгеден - Шұбаркөл. Ең шалғай ауылдарға 25 мың теңгеден жетеді", - деді министр.
Ол күн сайын кешкісін көмір шахталары, ҚТЖ және әкімдіктермен жиын өткізілетінін айтты.
06 қыркүйек 2022 ж. 686 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031