Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл соңына қарай доллар тағы қымбаттауы мүмкін

Жыл соңына қарай доллар тағы қымбаттауы мүмкін

Келесі жылы 1 доллар 500 теңгеге дейін жетеді деген болжам бар. Жыл соңына дейін ұлттық валюта тағы да құлдырауы мүмкін. Сарапшылар осындай пікірде. Тіпті келер жылы долларға шаққанда отандық валюта 500 теңгеге жетуі ғажап емес. Ал Ұлттық банк қандайда бір болжам жасауға әлі ерте дейді. Қазір ақша айырбастау пунктерінде жағдай қалыпты деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

2014 жылдың басында теңге 20 пайызға құнсызданғаннан кейін Ұлттық банк өкілдері мұндай девальвация енді болмайды деп сендірді. Бірақ, арадан 6 жыл өтті. Нәтиже көз алдымызда. Жыл сайын тек құлдыраудан көз ашпадық. Мұнай бағасы, карантин, кәсіпкерліктің шығынға ұшырауы – бәрі жығылғанға жұдырық болып тиіп жатыр. Ал, сарапшылар төл теңгенің болашағына алаңдаулы.

«Негізгі құлдырауға себеп болған фактор көп. Әсіресе соңғы уақыттағы девальвация. Пандемияның өзі де біраз бүйірден соқты. Онсыз да жыл сайын 3-4 пайызға құлдырайтын теңге, тұрақты құнын сақтап тұруы қиындау. Келер жылы 500-ге дейін өсіп кетуі ғажап емес», - дейді экономист Арман Байғанов.

Әлемдік саудамен сапырылысқан кез келген мемлекет үшін жаһандық валютаны «жеңу» мүмкін емес. Шешім іздеп теңгені еркін айналымға жібердік. Статистикаға сүйенсек, соңғы 10 жылда теңгенің долларға шаққандағы өсімі 2,5 есе артқан.Ал, Ұлттық банк әзірге нақты болжам жасауға асықпайды. Десе де, экспорт мен импорт теңдігі арқасында төл валютамыз тұрақты орнын сақтап тұр дейді. Бірақ, ішкі факторлардың әсерін банк өкілдері де мойындайды.

«Осы факторлардың барлығы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер етеді. Қазіргі шетел валютасына сұраныстың артуы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасына қарамастан теңгенің нығаюына мүмкіндік берер емес», - дейді ҚР Ұлттық банктің басқарма басшысы Мұхтар Орман. Сарапшылар халықты тәуекелге бармауға шақырады. Ел азаматтарына депозитті ұлттық валютада сақтауға кеңес беріп отыр.
01 шілде 2021 ж. 1 086 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930