Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасы: Бизнестің өтінімдерін қарау мерзімі екі есе қысқарды

Қаңтар оқиғасы: Бизнестің өтінімдерін қарау мерзімі екі есе қысқарды

10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарлануда. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бизнесіне шығын келтірілген 3 592 заңды тұлғадан өтініш түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.
Спикердің айтуынша, 23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында Infokazakhstan сайтына алматылық кәсіпкерлерден 1572 өтініш келіп түскен. Бірақ бұл өтініштердің кейбірі бірнеше рет қайталанған. "Сондықтан, кәсіпкерлер палатасы аудандық әкімдіктермен бірге зардап шеккен кәсіпкерлерді анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіп, өтемақы төлеу сомасының қорытындысын шығарды. Тексеріс қортындысы бойынша, 1413 кәсіпкердің бизнесі зардап шеккені анықталды. Оларға келтірілген шығын 34 316 437 000 тенге",– деді Айтуар Қошмамбетов. Сонымен қатар Президенттің Бизнеске жедел көмек көрсету тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. "Бұған қоса өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге, яғни, 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды. 10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарлануда", – деді Айтуар Қошмамбетов.

25 ақпан 2022 ж. 786 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031