Теңге нығаюда: Ұлттық банк түсініктеме берді

“Теңгеміздің нығаюының негізгі факторы мұнай бағасының баррелі 90 доллардан жоғары болуы. Украинаға байланысты геосаяси жағдайлардың әсері мен соның салдарынан Ресей рубльінің артуы”,-деді Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің бас маманы Аян Шаймұхамбетов.
Мамандар теңгенің нығаюын шет елдік валюта сұранысының төменеуімен байланыстырады. Долларды белсенді сатып алу өткен жылы қарқынды болатын. Ал қазір оған сұраныс төмендеп, экспорттаушылардың бюджетке салық төлемдері аясында ұлттық валюта қымбаттаған.