Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан халқына» қорына қанша ақша түсті

«Қазақстан халқына» қорына қанша ақша түсті

«Қазақстан халқына» қорына 16 қаңтардан бері 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«2022 жылдың 16-27 қаңтары аралығында қорға 52 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Қор жылына кемінде 100 миллиард теңге шоғырландырады деп жоспарлануда. Біздің болжамды есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардың ақшасы көзделмеген», – делінген қор хабарламасында.
Бұған дейін 25 қаңтарда қоғамдық қорға 42 миллиард теңге түскені хабарланған болатын.
26-27 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:
Өтемұратов Болат Жәмитұлы – 10 миллиард теңге;
«РАМС-КАЗАХСТАН» ЖШС – 300 миллион теңге.
Қор қазақстандық ірі кәсіпорындар мен олардың акционерлеріне қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ шотына қайырымдылық ақшасын келесі деректемелердің бірі бойынша аударуға болады:
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, «Евразийский банк» АҚ.
29 қаңтар 2022 ж. 854 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930