Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды
Сенат пен мәжіліс депутаттары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды.
«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырды.
Президент қорда жиналған қаражат сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларды қолдауға және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталатынын алға тартты.