Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай нарығына сүт өнімдері жіберілуі мүмкін

Қытай нарығына сүт өнімдері жіберілуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында QazTrade бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева хабарлады.
Оның айтуынша, былтыр тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны Қытай нарығына шығуға дайын болған көрінеді.
Мысалы, қазір балмұздақ, қоюландырылған сүт, кілегей, ірімшік және сүт Қытайда саудалануы мүмкін, - деп атап өтті Әсел Егембердиева.
Сонымен қатар ол экспорттық акселератор бағдарламасына қатысу туралы сөз қозғады.
Кешенді, практикаға бағдарланған, бизнесті толық сүйемелдеуді ұсынатын бағдарлама болып табылады. Ол диагностика мен экспорттық стратегияны әзірлеуден бастап маркетингке, сатып алушыны іздеуге және келісімшарт жасасуға дейінгі кезеңді қамтиды, - деді спикер.
Айта кететін жайт, бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес 100 кәсіпорынға, яғнитамақ өнеркәсібі, жеңіл, химия, машина жасау өнеркәсібі компаниялары және қызмет көрсетушілерге экспортқа шығуға жол ашылады. Олардың барлығы Қытайға, Ресейге, Таяу Шығысқа, Орталық Азияға экспортқа шығарылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін отандық 5000-ға жуық тауар түрлері әлемнің 120 еліне экспортталатындығы туралы жазған болатынбыз.
#Қытай # нарық # сүт өнімдері # экспорт
07 қазан 2021 ж. 464 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031