Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағынан 1 трлн теңгеге ипотекасыз үй сатып алынған

Зейнетақы жинағынан 1 трлн теңгеге ипотекасыз үй сатып алынған

Біржолғы зейнетақы төлемінің арқасында 147 747 адам ипотека көмегінсіз-ақ үй сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты. «Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1,5 триллион теңге зейнетақы жинағын пайдаланды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен тұрғын үй жағдайын 279 859 қазақстандық жақсартып үлгерді. Оның ішінде 147 747 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1 триллион теңгеден астам қаражат кеткен. Тағы 44 100 қазақстандық «Отбасы банкіндегі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарыздарын өтеуге 118 млрд теңге жаратқан. 31 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 117 млрд теңгеге ипотекалық қарызын төлеген. Ал 17 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған», - деп жазылған ресми мәліметте. Оның 84% екінші нарықтан баспана алса, 16% бастапқы жарнаны құрылыс салушыларға төлеп, жаңа үйден баспана алуды жөн көрген. Тағы 29 793 қазақстандық жалпы көлемі 30 млрд теңге зейнетақы жинағын емделу мақсатына жұмсаған. Біржолғы зейнетақы төлемін қолданған қазақстандықтардың орташа жасы - 41, дені - ер азаматтар (68%). Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы зейнетақы төлемдерін баспана алу үшін ең көп қолданған аймақтардың алғашқы үштігінде тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірыңғай зейнетақы төлемін пайдалануға ең төмен қызығушылық танытқан. «Қазақстандықтард туыстарына көмектесуге асық және бұл мүмкіндікті белсенді түрде пайдалануда. Оған біздің статистика куә. Осылайша, 279 859 адамның 35%-ы жинақтарын жартылай немесе толығымен туыстарынан алып, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тіпті туысқандардың аз ғана зейнетақы жинақтарының өзі отбасы ішінде біріктірілгенде, тұрғын үй сатып алуға немесе қолжетімді шарттармен несие алу үшін бастапқы жарна төлеуге мүмкіндік берді» - дейді «Отбасы банктің» басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.
29 қыркүйек 2021 ж. 499 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031