Kaspi.kz тағы да қазақстандық электронды коммерцияда №1 болды
Маркетплейстер ҚР-дағы шағын және орта бизнестің өсуіне жаңа мүмкіндік қалыптастырып отыр. Kaspi.kz төртінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі сауда интернет-алаңдарының TOP KZ Retail E-Commerce 2021 ренкингінде № 1 орын алды.
"Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әр сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз! Қазірдің өзінде 10 миллионнан астам қазақстандық көпшіліктің көңілінен шығатын үздік Kaspi.kz қосымшасын пайдаланады. Командамыз ассортиментінде 1 миллионнан астам алуан түрлі тауар бар Kaspi.kz-тегі Магазинді белсенді түрде дамыту үстінде. Серіктестеріміздің көпшілігі – шағын және орта бизнес компаниялары. Біз клиенттерге сатып алуға, ал серіктестерге сату көлемін ұлғайтып, бизнесті дамытуға және бізбен бірге Қазақстанның экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуға жәрдемдесеміз", – дейді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жыл сайын Forbes Kazakhstan іскерлік журналы мен Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтинг компаниясы бірге жасайды. Бұл қазақстандық интернет компаниялардың онлайн сатылымнан түскен түсімнің көлемі бойынша тұрақты рейтинг.
PwC халықаралық компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы жүргізген тағы бір зерттеу бойынша Қазақстандағы электронды коммерция нарығы қарқынды дамуда. 2021 жылдың 1 жартысында 116% өсіп, 426 миллиард теңгені құрады.
Сатып алушылардың көпшілігі бір алаңда көптеген компаниялардың өнімдері шоғырланған маркетплейстерде зат сатып алғанды ұнатады.
Зерттеу авторларының айтуынша, Kaspi.kz сияқты сауда алаңдары мен маркетплейстер сатып алушыларға ғана емес, қазақстандық компаниялардың өсуіне мүмкіндік береді. Маркетплейстерге қосылу арқылы шағын және орта бизнес соңғы технологияға, жаңа онлайн -сату арналарына, ауқымды тұтынушылар базасына, жеткізу мен жарнамаға қол жеткізеді.