Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бензинмен жүретін көліктер шығарылмауы мүмкін

Бензинмен жүретін көліктер шығарылмауы мүмкін

Ал еуропалық комиссия 2035 жылға қарай бензинмен жүретін көлік түрлерін шығаруға тыйым салмақ.

Өйткені, оның қоршаған ортаға зияны көп. Бұл туралы 2050 жылға арналған климаттық бейтарап экономика жоспарында айтылған. Кеше жария болған құжатта осындай қатаң талаптар зиянды қалдықтарды азайтуға септігін тигізетіні көрсетілген. Сөйтіп, алдағы 10 жылда аталған мемлекеттерде шығарылатын көліктердің көміртегі қалдықтары 55 процентке, ал 35-нші жылға дейін 100 процентке азайтылмақ. Оған сай қуаттағыш стансалары бой көтереді. Әр нысанның арақашықтығы 60 шақырымды құрауы тиіс.
СПОРТТЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 32%-КЕ АЗАЙДЫ
Елімізде спорттық секциялар құны қымбаттайды. Коронавирус пандемиясы салаға салқынын тигізді. Спорттық нысандарда бұрынғыдай қарқынды қызмет көрсетілмейді. Есесіне фитнес-клубтардың дәурені жүріп тұр. Жылдың алғашқы тоқсанында түскен кіріс 48 млрд теңгеден сәл асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе аз. Жалпы өткен жылы карантиндік шектеулер салдарынан көрсетілген қызмет үлесі күрт төмендеді. Түскен түсім 218 млрд теңгеге жетеғабыл. Республикалық ұлттық киоку-шинкай-кан каратэ федерациясының вице-Президенті Сайранбек Әбілхайыровтың айтуынша, жаттықтырушылардың 80 проценті залдарды жалға алып отырған. Пандемия тұсында оның ақысы еселеп артты. Оған қоса, санитарлық жабдықтарды алу қосымша шығын болған. Бірақ қызмет ақысы өскен жоқ. Енді мамандар қыркүйек айында жаттығу құнын арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде федерация құрамындағы 200 жаттығушының жартысына жуығы басқа салаларға кетіп қалған. Қазір еліміздегі фитнес-клубтардың тасы өрге домалауда. 3 айдағы кіріс 3,5 есе артып, 9 млрд теңгеге жетті. Ал спорттық клубтардың қызмет көрсетуі керісінше 32 процентке төмендеген.
ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ КІРІСІ АРТТЫ
American Airlines компаниясы «бағытымыз дұрыс» деді. Олар екінші тоқсандағы табысының көңіл көншітерлік боларына сенімді. Дегенмен көрсеткіш 2019 жылғыдан 37 процентке төмен болмақ. Бұл алдыңғы болжамнан 3 процентке көбірек. Компания 35 млн доллар таза шығын мен 25 млн доллар таза кіріс аралығындағы көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отыр. Жекелеген тетіктерді ескермегенде шығын көлемі 1,2 млрд долларға жетпек. Бұл пандемия басталғалы ең аз көрсеткіш. Жолаушылар тасымалының қалыпқа келуі жағдайдың осылай оңалуына ықпал еткен.
ҚЫТАЙЛЫҚ АКЦИЯЛАРҒА СҰРАНЫС АРТҚАН
Қытайлық компаниялардың сыртқы биржаға қатысуы қиындағанына қарамастан, шетелдік инвесторлардың жергілікті құнды қағаздарға қызығушылығы артқан. Соңғы жылдары мұндағы акциялар мен облигациялар 40 процентке өсті. Нарыққа 800 млрд доллар түскен. Оның 578 млрды биылғы олжа. Батыс елдермен арадағы қайшылыққа қарамастан, аспан асты елі экономикасының қалпына келуіне шетелдік қаржыландыру тікелей әсер етті. Жыл басынан бері Қытай биржасында жергілікті компаниялардың акциялары 35 млрд долларға сатылған. Файнаншл таймс мемлекеттік құнды қағаздарға 75 млрд доллар инвестиция салынғанын хабарлады. Бұл көрсеткіштер былтырғыдан 50 процентке көп.

15 шілде 2021 ж. 905 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930