Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңгенің құнсызданатыны рас па?

Теңгенің құнсызданатыны рас па?

Жақында әлеуметтік желілерден қолданыстағы валюта – теңге туралы ақпарат кең таралып кетті.

Жазбада осы жылдың тамыз айынан бас­тап теңге ауысатыны айтылған. Аты «алтын» деп аталатын жаңа валюта қолданысқа енгенде, теңге құнын жойып, 100 мың – 10 мың, 500 мың – 50 мыңға дейін құлдырайды делінген.

Теңгемен жиған қаржы болса, жедел долларға айырбастау керектігін жеткізіп, тыңдарманға осы кез несие алуға ең қолайлы уақыт деген болжамын жеткізген. Сондай-ақ көлік, ипотекалық несиелер немесе өзге де қажеттіліктер: машина, үйдің алғашқы жарнасын төлеп, теңгемен алып қалғандар ұтылатынын айтқан хабарлама желісімен банктерге қарай ағылған ағайын қатары артқан.

Желдей ескен «жағымды» жаңалықтың рас-өтірігін әлі де ажырата алмай, дүдә­мал күйде жүрген жұртқа Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жауап беріп, ел азаматтарын әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге сенбеуге ша­қырды.

Желідегі ЕАЭО-ға мүше елдерге ортақ енгізілетін алтын валюта теңгенің құнсызданатыны туралы ақпарат жалған.

Хабарламадағы белгісіз тұлғаның орынсыз кеңесінің шығу, таратылу мақсаты қазірде анықталу үстінде.

Әзірге Ұлттық банк ресми түрде бұл ақпараттың сенімді дереккөзі емес, арандатушылыққа, экономикалық құлды­рауға әкелетінін мәлімдеп отыр. Сонымен бірге ел санасын сан-саққа салған хабарламадағы дауыс иесін танитын қазақстандықтардан көмек сұрауда. Осындай сенімсіз ақпараттар келсе, оны Ұлттық банктің ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде қалдыруға болатыны айтылған.

«Жалған хабарламамен еліміздегі көмекке мұқтаж отбасыларға арналған несиенің жабылу себебін байланыстырудың ешбір қисыны жоғын әрбір адам білген жөн, – дейді мамандар.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
06 шілде 2019 ж. 1 218 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 104

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 102

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 100

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930