Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Табандылығыңыздың арқасында сөзіңіздің дұрыстығын дәлелдей аласыз. Ешкім сізді жолыңыздан тайдыра алмайды. Жұмыс барысында ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол сізді ешқашан алдамайды. Жұмысқа тиянақтылығыңыз ескерусіз қалмайды.

Торпақ
Күннің алғашқы бөлігі аздап қиын болады. Оларды жеңу үшін кикілжіңдерден алшақ болыңыз. Түстен кейін жақсы жаңалық естіп, жолыңыз болады. Сонымен қатар көптен көріспеген достармен жүздесіп, қайта байланыс орнатасыз.

Егіздер
Ерекше күн. Табысқа жету үшін батылдық қажет. Күнделікті атқарып жүрген жұмыстардан гөрі, тәжірибе жасап көрген дұрыс. Кейбір істерде тәуекелге бел буыңыз. Айналаңыздағылардың көңілін өзіңізге аударуға тырысыңыз.

Шаян
Сәтті, әрі қызықты күн. Бұрын жіберген қателіктеріңізді түзейсіз. Сонымен қатар сіздің кешіріміңізді күтіп жүрген адамдармен татуласасыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің еш әбестігі жоқ. Жақсы көретін адаммен әңгімелесу жаныңызға жайлылық сылайды.

Арыстан
Көп жұмыс атқару үшін белсенді болыңыз. Мықты қарсыласпен «жекпе-жекке» шығасыз. Саспаңыз: Тек өз-өзіңізге сенімді болған жағдайда ғана жеңіске жетесіз. Өз ісіңізге өзгелерді араластырудан аулақ болыңыз. Жеке өміріңізде ешнарсені өзгертудің қажеті жоқ.

Бикеш
Жұмыста айтарлықтай өзгерістер орын алады. Олардың немен аяқталатыны өзіңізге байланысты болмақ. Өзгеріске дайын болып, тез шешім қабылдай білгеніңіз жөн. Бастаған жұмысты соңына дейін жеткізіңіз.

Таразы
Мазасыз күн. Жұмыс барысында мәселелерден құтылу оңай емес. Сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз ескерусіз қалады. Бұл сізді мұңайтатыны сөзсіз. Жетістіктеріңізді айтып, айналаңыздағылардың көңілін өзіңізге аударғыңыз келеді.

Сарышаян
Мүмкіндіктер аз болғанымен, көп істі тындыруға күш-қуатыңыз жеткілікті. Табысқа жетуге бірнеше жол ашылады. Сіздің алдыңызда сол жолдың бірін таңдау мүмкіндігі тұр. Көпшілік сіз туралы мол мағлұмат алғысы келеді.

Мерген
Айлық жалақыңыз өседі немесе қосымша табыс көзін табасыз. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Қарсыластарыңызды шаң қаптырасыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.

Тауешкі
Ерекше жұмыстарды атқаруға қолайлы күн. Барлық мәселені шешу сіз үшін оңай болмақ. Кейбір мәселелерді өз бетіңізше шешесіз. Ешкімге тәуелді болмайсыз. Соның арқасында айналаңыздағы жандардан жағымды пікірлер естейсіз.

Суқұйғыш
Жақындарыңызға сенім артыңыз. Қиын жағдайдан жол табу үшін тек өзіңіз ғана әрекет етпей, олардың көмегін қабыл алғаныңыз жөн. Жұмыста құжаттарға сақ болыңыз. Қателіктерге бой алдырмаңыз.

Балықтар
Өте керемет күн. Өзекті болған мәселелерді тез шешесіз. Сіздің жұмысыңызға қызығушылық танытатындар көмектесуге әзір тұрады. Жаңа жұмысты бастау үшін көп күш жұмсауыңыз қажет болады.
20 маусым 2019 ж. 754 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031