Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақпен бірге су ішкен дұрыс па?

Тамақпен бірге су ішкен дұрыс па?

Тамақтан кейін не қатар су немесе шай ішуге болмайды. Көптеген диетолог мамандар осындай кеңес береді. Бірақ ол қаншалықты дұрыс? Шынымен де тамақпен бірге су не шай ішуге болмай ма?

Бұл ұстаным көп жағдайда орынды әрі дұрыс. Алайда әр ереже сияқты бұның да өз ерекшеліктері бар.

Көп жағдайда біз әдеттеніп қалғанымыз үшін тамақпен бірге су не шай ішеміз. Ал тағамнан кейін тәттілерді шаймен ішу тіпті күнделікті дәстүрге айналды.

Біріншіден, тағамнан кейін бірден су не шай, шырын ішкен неліктен зиян екенін түсінейік. Бір қарағанға қауіпсіз көрінетін бұндай әдет асқорыту жүйесінің зақымдануына әкеле алады екен. Біз тамақтанып отырғанда, асқазанымызда тағамды қорыту үшін арнайы сөл бөлінеді. Ал біз тамақпен қатар сусын ішкен кезде, ол асқазанның сөлімен араласып, нәтижесінде астың дұрыс қорытылуына кедергі болады. Тамақ ұзағырақ қорытылып, оның пайдалы қасиеттерін ағзамыз нашар қабылдайды.

Айта кетсек, тамақты қорыту процесі ауызда басталады. Адам аузында бөлінетін сілекей тамаққа әсер етіп, оны қорыта бастайды. Әлемге танымал диетолог ғалым Герберт Шелтон тамақпен бірге ішілетін су не шай адам ауызындағы сілекейді ерітіп, оның тамақты қорытуға көмектесіуне бөгет болады деп санайды.

Диетологтардың айтуынша су, шай не басқа сусындарды асқа отыруға жарты сағат қалғанда ішіп алған дұрыс. Ал тамақтанып болғаннан кейін бір сағат бойы еш сұйықтық ішпеген дұрыс. Әрине бұл ереженің өз ерекшеліктері бар. Мысалға, өте құрғақ тағамды жегенде, кішкене су ішуге болады.

Бұл ереже бұрыннан бері баршамызға белгілі болса да, оны ұстану оңай емес. Көбіміз тамақты шаймен не сумен қабылдауға үйреніп кеткенбіз. Мына кеңестер тамақтанғанда су не шай ішіп отыру әдетінен арыла алмаған жандарға арналады:

Асыңызды тек жылы (ыстық және суық емес) сусынмен бірге ішіңіз. Суық су мен сусындар тағамның асқазаннан тез кетуіне көмектеседі, нәтижесінде астың бәрі дұрыстап қорытылып үлгермейді. Тез босаған асқазан біраздан кейін қайта тамақ сұрай бастайды. Ал дұрыс қорытылмаған, бірақ ішекке түскен тамақ ашып, іріп-шіруі мүмкін. Ал бұл денсаулыққа өте зиян болады. Суық сусындарды майлы тағаммен жеген ең қауіпті – бұл панкреатит ауруына шалдықтыра алады.

Асқа отыруға жарты сағат қалғанда жеміс не көкөніс шырынын ішіңіз. Әрине өзіңіз үйде жасаған шырын мінсіз ас болар еді. Шырын шөліңізді қандыратындықтан, тамақтың артынан су ішкіңіз келмейді.

Таңертең оразаңызды бір стақан қарапайым сумен ашыңыз. Бұл ағзаға оянуға көмектесіп, асқорыту жүйесін іске қосады. Осы ережені әдет қылып алғаныңыз денсаулығыңызға өте пайдалы болады.

Тамақпен бірге тәтті газдалған сусын, тәтті шырын, қант қосылған шай ішпеңіз. Олардың құрамындағы танин заттары астың қабылдануын кемітеді. Тамаққа түйілгендей болсаңыз, өзіңізге тек су ішуге рұқсат беріңіз.

Тамақпен бірге сүт ішпеңіз. Ол асқазанда сөлмен әрекеттесіп, нәтижесінде іриді.

Жалпы қышқыл сүт өнімдерін (ішуге болатын йогурт, тәтті, шоколадты сүт) сусын ретінде емес, тағам ретінде қарастырған дұрыс.

Астарыңыз дәмді, дендеріңіз сау болсын!

Ал сіз тамақпен бірге су не шай ішесіз бе?
zhambylnews.kz
13 мамыр 2019 ж. 2 782 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930