Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаражат жинаудың ең тиімді бес тәсілі

Қаражат жинаудың ең тиімді бес тәсілі

Жанымыздың қалауын орындап, эгомыздың дәрежесін көтерудің бір әдісі — пайдалы немесе пайдасыз сатып алулар. Маусым трендіне айналған жаңа киім немесе функциялары жаңартылған смартфон алуға барлығының ақшасы жете бермейді. Ондай кезде не істеу керек? Досыңыздан қарызға ақша аласыз ба әлде банктен несие рәсімдейсіз бе? Немесе қалап тұрған затыңызды алмай, өзіңізді шектейсіз бе?

Барлығымыз дерлік қаражат жинауға келгенде іштей қорқыныш сезімін басымыздан өткереміз. Ол сезімнің негізінде қалыпты өмірімізден бас тарту, комфорт аймағымыздан шығуымыз керек деген сансыз ойлар жатыр. Өз нерв жүйеңіз бен әмияныңызға зиянын тигізбей қаражат жинаудың басты шарттарын ұсынамыз:

Қаржылық қауіпсіздік қорабын жасап, қандай жағдай болмасын ол ақшаға тиіспеңіз; Өз шығындарыңызды талдап, неден бас тарта алатыныңызды ойланыңыз;

Алдыңызға нақты мақсат қойып, оған жетудің алгоритмін ойластырыңыз;

Өзіңізді ешқашан шектемеңіз. Өз қалауыңыздан қаншалықты көп бас тартатын болсаңыз, сіздің ойланбай қажеті жоқ затты сатып алуыңыздың қаупі өте жоғары екендігін есіңізден шығармаңыз;

Алдыңызға мақсат қойдыңыз, қажеті жоқ шығындардан бас тарттыңыз, енді арманыңыздағы демалысқа қаржы жинауға дайынсыз ба? Онда сіздің назарыңызға қаржы жинауда көмегін міндетті түрде тигізетін 5 жолды ұсынамыз:

№1. Төрт конверт
Бұл әдіс тапқан табысынан жарататын шығыны көп жандарға арналады. Айлық табысыңызды есептеп, табыстың 10%-ын қауіпсіздік қорабына салыңыз. Қалған қаражатты төрт конвертке (айдағы апта санынан байланысты) тең бөліп салып қойыңыз. Бұл жердегі ең басты ереже: келесі аптаның ақшасын жаратуға қатаң түрде тыйым салынады. Алғашқы айда қиын болады, алайда екі-үш ай өткен соң сізде тіпті қосымша ақша артылады. Төрт конверттен артылған қаражатты бесінші конвертке салып, сол жерде жинайтын болсаңыз, бірнеше айлар өткен соң, біршама сомма қаржы жиналғанын көргенде таң қалатын боласыз.

№2. 10%
Бұл әдіс «Төрт конверт» әдісіне өте қатты ұқсас. Жалақыңызды алған соң, оның 10%-ын банктегі есеп шотыңызға немесе конвертке, тіпті депозитке салып қойсаңыз да болады. Бұл әдісте қойылатын басты талап: ай сайынғы салынып отырған қаржыны қандай жағдай болса да қолданысқа енгізбеу.

№3. Кезеңмен жинау
Бұл әдіс азартты жаны сүйетін жандарға арналады. Оның мәні — ақша жинағанда әр кез сайын салынатын қаражат санын арттырып отырасыз. Мысалы, бір жылда 52 апта бар. Алғашқы аптада — 1$, келесі аптада — 1,5$, тағы бір апта өткен соң — 2$. Осылай бір жылда 797$ көлемінде қаржы жинау мүмкіндігіне ие боласыз. Мұндай қаржы ешкімге де артық болмасы сөзсіз.

№4. Айыппұлдар әдісі
Бұл әдіс зиянды әдеттерден арылғысы келетін, азартты адамдарға арналады. Өз жаман әдеттеріңіздің бағалар тізімін жасаңыз. Мысалы, шылым шегу — 1$, ішімдік ішу — 2$, балағат сөздерді қолдану — 5$. Бұл жерде ең басты шарт — өзіңізді аямау. Бұл әдіс арқылы сіз екі қоянды бір оқпен ататыныңызды ұмытпаңыз. Жаман әдеттен арыла отырып, арманыңызға бағытталған қаржыны жинайсыз.

№5. Бағаланбаған тиын
Әмиянымызда, сөмкелеріміздің қалтасында біз мән бере бермейтін қаншалықты көп ұсақ тиын жатыр? Күнделікті үйге оралған уақытта қалтадағы бар ұсақ тиынды ұсақ ақшаны жинауға арналған қобдишаға салуды әдетке айналдырыңыз. Біраз уақыттардан соң, қобдишада қаншалық көп ақшаның жиналып қалғанын көріп таңданатын боласыз. Осы әдісті ұсынған автор, бұл әдісті пайдалану арқылы ұлына велосипед сатып алған. Әлі де қаражат жинауға құлқысызбын деп ойлайсыз ба? Жоғары да аталған әдістің бірін таңдап, қаражат жинауды бүгіннен бастаңыз. Армандардың орындалу деңгейі жоғары екендігін ұмытпаңыз!
arhar.kz

29 сәуір 2019 ж. 1 577 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930