Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан топтарыңыз үйлесе ме?

Қан топтарыңыз үйлесе ме?

Өткен жылы елімізде 142 мыңға жуық адам заңды түрде некесін қиыпты. Алайда 55 мыңға жуық жұп араға жыл толмай жатып ажырасуға арыз берген. Олардың басым бөлігі ажырасу арызына «Мінезіміз үйлеспеді» деп жазған дейді мамандар. Осы ретте мінез жарасымдылығына байланысты мына бір кеңесті ұсынбақпыз. Бір топ астрологтар мен психологтар және медицина мамандары көз жеткізген бұл тәсіл жұптық жарасымнан хабар береді.

Жігіттер үшін:
І топ. Қан тобы осыған сәйкес келетін қыз-келін­шектер өте қызғаншақ келеді. Олар тез қимылдайды­, кесіп сөйлейді, тірлігіне тындырымды. Төсекте де белсенді. Олар күші мығым, ерік-жігері мықты жігіттерді ұнатады. Ынжық, жалтақ, ­пікірін ашып айта алмайтын жігіттермен ұзақ тұра алмайды.
ІІ топ. Бұлар сабырлы, нені болса да ой елегінен өткізіп, ақылмен шешеді. Қимылы баяулау, бірақ тірлігіне пысық. Отбасылық өмірде кез-келген ауыртпа­шылықты көтере біледі. Көнбістеу, алайда бір ашулан­са басылуы қиын. Өйткені жылдар бойы жинаған өкпесін бір-ақ күнде төгіп салып, жіпті шорт кесуі ықтимал.
ІІІ топ. Қимылы да, сөзі де жылдам, ойы да тез өзгеріп отырады. Ойынан шыққан адамынан өлсе де айырылмайды. Бірақ тез шешім қабылдап, тез айниды. Ол сөзге шешен. Сырттай өте пысық көрінгенмен, аңғалдығы мен жалқаулығы бар.
ІV топ. Өте сезімтал. Кез-келген адамның тілін тауып, шүйіркелесе кетеді. Бірақ өзінің сырын аш­пайды. Олар ықыласпен тыңдап, шер тарқатуға таптырмайтын жан. Бірақ ренішті кешіре алмайды. Аса қатты да, жұмсақ та емес, беделді, айналасына сыйлы жандарды ұнатады.

Қыздар үшін:
І топ. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Бірақ өмірлік жарын жақсы көре тұрып, сұлуларға көз тігуін қой­майды. Бостандықты сүйеді. Сөйлесе дүйім жұртты ау­зына қаратады, көрікті болмаса да көптің ішінде ерекше көзге түсетін, өнерлі жан. Қыз-келіншектердің жүрегіне жол таба біледі.
ІІ топ. Үлгілі отағасы бола біледі. Сүйгені үшін бәріне көнуге дайын. Тек қалаулысы жанында жүрсе болғаны. Белсенді болмағанымен өз ісіне тиянақты, тындырымды. Сүйгенін қажетті дүниемен қамтамасыз ете алады. Бірақ кекшіл, қызғаншақ.
ІІІ топ. Өмірге жеңіл оймен қарайды. Қашанда қызық қуып, серілік жасағанды ұнатады. Сүйгенінің көңіліне қаяу салса кешірім сұрамайды, өйткені осы болмысымды қабылда деген менмен талап тұрады. Олар өзін күтетін, қылықты, кешірімді де пысық бойжеткендерді ұнатады. Бала-шаға тәрбиесіне деген жауапкершілік міндеттер оған арналмаған.
ІV топ. Серігінің тілегін де, айтары мен ойындағысын да сезіп, түсініп, көңілінен шығып тұратын мұндай жігіттер кез-келгенді бақытты ете алады. Көпшіліктің көңілінен шығып, суырып өлең оқып, «әу» деп те қоятыны бар. Көңілі келсе, азық-түлікті өзі көтеріп келіп, кір де жуа салады.
24 сәуір 2019 ж. 1 192 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930