Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы жарты жылда 17 мыңнан астам отандық IT маманы шетел асқан

Соңғы жарты жылда 17 мыңнан астам отандық IT маманы шетел асқан

2030 жылға қарай әлемдегі жаңа мамандықтардың үлесі 85%-ға жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғаламдық цифрландыру үдерісінің белең алуына байланысты көптеген мамандықтар сұраныстан шығады. Қарыштап дамушы елдерге білікті инженерлер, IT мамандар, нанотехнология, электроника және биотехнология саласын меңгерген қызметкерлер қажет болады. Алайда, бүгінгі күннің өзінде елімізде ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Отандық жоғары оқу орындары мен колледждер жыл сайын 18 мыңнан астам IT мамандарды оқытып, даярлайды. Бағдарламашыларға, 3D-аниматорларға және жүйелік әкімшілерге деген сұраныс күн сайын артып отыр. Тиісінше, осы бағыттарға бөлінетін гранттар саны да айтарлықтай жоғары. Қанат Келдібеков туризм жөніндегі менеджер дипломын алғанымен, IT саласына қызығушылық білдірген. Бағдарламалау жүйесінің қыр-сырын арнайы әдебиеттер және оқыту курстары арқылы меңгерген.

Қанат Келдібеков, IT кәсіпкер:

- Отандық білім беру саласындағы кемшін тұстардың бірі - оқыту бағдарламалары жылдар бойы өзгермейді. Ал IT саласы күн сайын дамып келеді. Себебі ақпараттық технологиялар бағыты өзгеріп тұратыны заңдылық. Айталық, сенің жарты жыл бұрын меңгергенің, бүгінде жарамсыз болып қалу мүмкін. Сондықтан үнемі ізденісте жүру керек. Қанат Келдібеков сынды өз саласының майталмандары елімізде аз емес. Алайда, өкініштісі, олар тәжірибе жинақтаған соң шетелге кетуге бел буады. Себебі, өзге елдердегі компаниялар жастар қауымы үшін қызықты әрі тиімді ұсыныстар жасайды, - дейді IT кәсіпкер.

Қанат Келдібеков, IT кәсіпкер:

- Бағдарламашылар барлық жерде бірдей. Мысалы, Америкада код жазып жатқан адам мен Қазақстанда да осы қызметті жасайтын адам бір тілде сөйлейді. Олар бір-бірін түсінеді және бір жұмыс жасайды. Алайда, Қазақстанда ол маман ең көп дегенде айына 2-3 мың доллар алса, Америкада жылына миллион табуға болады. Шетелде білікті маманды ұстап қалу үшін жұмыс берушілер барлық жағдайды жасайды. Бүгінгі кейіпкеріміз қазақ жерінде жұмыс істеуді қалайды. Қазір досы екеуі Smart City тұжырымдамасы аясында арнайы жобаны жүзеге асырып жатыр. Ал, статистика комитетінің мәліметі бойынша соңғы жарты жылда 17 мыңнан астам отандасымыз шетел асқан. Олардың басым бөлігі техникалық салада жоғары білімі бар мамандар.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 779 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930