Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студент қыз көшеден 37 мың доллар тауып алды

Студент қыз көшеден 37 мың доллар тауып алды

Қарапайым студент қыздың басынан адам сенгісіз жағдай өтті, деп жазады Sputnik Грузия.

Медициналық оқу орнының екінші курс студенті Тбилисидегі көшелердің бірінде келе жатып, жолдан 37 мың доллар тауып алыпты.
21 жастағы Карина есімді қыз жағдайды былай жеткізді.

«28 қарашада университеттен шығып, келе жаттым. Анадай жерден бір әдемі ағашты көрдім де, оны суретке тартып алу үшін жанына жақындадым. Ағаштың жанында жерде бір ақ пакет жатыр екен, ішінде не бар екен деп ашып қалсам – іші толған доллар. Жанымда курстас құрбым болған, екеуміздің аузымыз ашылып қалды. Көп ойланбай, полицияға хабарласуды жөн деп таптық», — деп еске алады Карина.

Пакет ішінен ақшамен бірге чек табылған. Қыздар соның көмегімен ақшаның иесін табуға болатынын біліп, полицияға хабар берді. Полицейлер шынымен де чектің арқасында ақшаның иесін таба алды.

«Ақшасы табылған әлгі кісі қуаныштан жарыла жаздады. Ақша толы пакетті курткасының ішкі қалтасына салған екен. Бірақ қалай түсіріп алғанын өзі білмейтін болып шықты. Ал ондай ірі онда ақша қайдан жүр десеңіз, ол өзінің үйін сатқан екен», — деді Карина.

Грузиндер сондай халық па, әйтеуір әлгі қыз мол ақшаны иесіне қайтарып бергеніне еш өкінбейді:
«Мен біреудің ақшасын ала алмаймын. Ол менікі емес, болды! Мен ол ақшаны алсам, біреу үйсіз қалады екен, әне», — деді Карина.

Шынымен де, осы қыздың адалдығының арқасында Грузияда бақытсыз адамдардың қатары бір адамға азая салған.
Барлық адам осындай адал болса – барша халық та бақытты болуы мүмкін шығар…
05 желтоқсан 2018 ж. 1 435 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031