Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады

Дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады

Зейнеткердің ұлы сол емес, оң аяқтың табанын кесіп алып тастау керектігі жазылған емхананың құжаты жоғалып кеткенін мәлімдеді.
Ресейдің Воронеж қаласындағы ауруханада дәрігерлер қателесіп науқастың сырқат емес, сау аяғын кесіп тастаған. Тергеушілер БАҚ-та жарияланған ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады РИА Новости.
БАҚ-тың мәліметінше, еңбегі сіңген мұғалім, концлагерь тұтқыны Мария Дронованың оң аяқ табаны шіри бастаған. Ұлы оған шұғыл операция жасату қажеттігін түсіндіріп, ауруханаға апарған.
Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер ота сәтті өтті деп сендірген. Алайда, ұлы палатаға кірген кезде, оң аяғын емес, сол аяғын – жамбастың ортасына дейін кесіп тастағанын көреді. Дәрігерлер науқастың екі аяғын да кесіп тастау керек болғанын мәлімдеді.
Дронованың ұлы оң аяқтың табанын кесіп алып тастау керектігі жазылған емхананың бағыттама құжаты жоғалып кеткенін айтады. Ол тергеу органдарына арыз жазды.
Ресейдің өңірдегі тергеу комитеті хабарлағандай, ауруханадан барлық медициналық құжат алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарынан, оқиға куәгерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.
08 қараша 2018 ж. 1 025 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 71

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 72

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 70

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 65

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930