Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешкі майының пайдасын біле жүріңіз

Ешкі майының пайдасын біле жүріңіз

Интернеттегі деректерге сүйенсек, ешкі майының қолданыс аясы кең екен. Ақпарат үшін оның құрамы мен тағы қандай ем үшін қолданылатынын да біле жүргеніміз жөн. А, Д, С, Е дәрумендерінен бөлек ешкі майының құрамында өте сирек кездесетін В13 те бар көрінеді. Тап осы дәрумен терідегі жарақатты жазуға және жасартуға септігін тигізеді. Магний, кальций және фосфор сияқты бірқатар минералдар бар. Гипоаллергенді казеинге бай. Коэнзимдер мен антиоксиданттар көп. 100 грамында 900 калория болғанымен, ешкі майының құрамында көмірсу болмайды екен. Демек, артық салмақ қостырмайды деген сөз. Ішке қабылдауда да сымбат үшін зияны жоқ. Туберкулез кезінде иммунитетті көтеруге қолданылады.
Қайдан табуға болады? қалай қолдану керек? Базардан «ем үшін ешкінің іш майы керек» десеңіз, кез келген саудагер тауып беруге тырысады. Оны тану да қиын емес. Ол қойдың майына қарағанда аппақ әрі қалың болады.

Ғылыми зерттеулер ешкінің онкологиялық аурулармен ауырмайтынын анықтаған. Сондай-ақ ешкі майын ішке қолдануда рактың асқынуының алдын алуын да зерттеп білген.
Ешкі майы асқазанда тез қорытылады. Ішке қабылдағанда ішқатудан және асқазан-ішек жолдарындағы шлактардан арылуға көмектеседі. Үсікке шалдыққанда және күйіп қалу кезінде ешкі майын жақса, тез жазылады. Өкшеге тұздың жиналуы мен буын ауруларында ешкі майын жағып массаж жасау қажет. Мамандар ешкі майын аурудың алдын алу үшін ішіп тұруға кеңес береді. Ол үшін майды ерітіп, тұндырып алу қажет.
Өкшенің қыста да жарылып кетуіне ем таппай жүрсіз бе? Өкшенің жарылуы сырт көзге оғаш көрінгеннен бөлек, асқынып кеткенде тілініп кетіп, ешбір ем көмектеспейтін жағдайға жететіні бар. Ешкінің майы халық емінде көп қолданылатынын білетін боларсыз?! Егер өкшеңіз тек жазда ғана емес, қыста да жарылып маза бермейтін болса немесе жаздағы тілімденген орынын бір аптаның ішінде емдеп жазғыңыз келсе, ешкінің іш майын қолданыңыз.
ernur.kz
09 қазан 2018 ж. 12 735 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031