Әлемнің әр түкпірінде «қызғылт ай» қалай көрінді
Жергілікті уақытпен, жұмадан сенбіге қараған түні әлемнің көптеген елдерінің адамдары ерекше құбылысты тамашалады. Аспанда «қызыл түске» боялған ай көрінді. Әлем тұрғындары бұл құбылысты қалай тамашалады?. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Грецияда ай Афин төңірегіндегі Посейдон ғибадатханасының үстінен көтерілді. Ай тұтылуы кезінде Жер Күн мен Айдың ортасында сияқты көрінді.
Бұл кезде Күн сәулесі Айға түспесе де, Жер атмосферасы арқылы өткен жарық біздің табиғи серігіміздің бетіне жетеді. Бұл жарық Айға тұтылу кезінде қызғылт түс береді. «Қызғылт ай» Солтүстік Америкадан басқа әлемнің барлық бұрышында байқалды. Қазанда қызғылт түсті ай қала мұнараларының жарығымен бірдей болды.
Страсбургте Ай америкалық суретші Джонатан Борофскойдың мүсінінің үстінен көтерілді.
Тайвань астанасы Тайбэеде әуесқой астрономдар жағажайға телескоппен шықты.
Айдың тұтылуы 1 сағат 43 минутқа созылды. Таяу Шығыста бұл құбылысты барлық жерден тамашалауға мүмкіндік туды. Әбу-Дабиде шейх Зайед мешітінің мұнарасы Айдың жарық сәулесінен тіпті ерекше көрінді.
Сиднейде көптеген адамдар көркем қала ландшафтының үстінен көтерілген айдың шығуын қарсы алды.
Сондай-ақ, Астана уақытымен кеше кешке сағат 23-13-те басталған астрономиялық құбылысты сағат 03-13-ке дейін қазақстандықтар өз көздерімен тамашалай алады. Сағат 00-24-тер шамасында дөңгелек Ай Жер көлеңкесіне жақындай түсті.
inform.kz