Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шайдың емдік қасиеттері

Шайдың емдік қасиеттері

Бір рет пайдаланылған шай қалташасын тастап жіберуге асықпаңыз. Олар сізге тағы да керек болады. Жалпы халықтық медицинада шайдың емдік қасиеттері туралы көп айтылады. Әсіресе оны шығыс емшілері түрлі ауруларға мың да бір ем деп есептейді екен. Назарларыңызға шай қалташасын пайдаланғаннан соң тағы да қай жерлерге қолдануға болатыны туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз. 1. Ыдыстарды тот басудан қорғайды Асүйдегі темірден жасалған ыдыстарды шай қалтасымен сүртіп тұрыңыз. Оның құрамындағы танин ыдысты тот басудан қорғайды. 2 Макарон мен дәннен дайындалатын тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланыңыз Шай қалташасын суға салып қайнатыңыз. Қайнаған суға макарон немесе дәннен дайындалатын тағамды салыңыз. Тағамыңыз ерекше дәмге ие болады. 3. Етті жұмсартады Шай еттің қатты болып кетуінің алдын алады және оған ерекше дәм береді.
4. Ыдыстағы майды тазалайды Пайдаланылған шай қалташасын ыстық суға батырып, оған май ыдыстарды салып қойсаңыз, көп өтпей ыдыстарыңыз айнадай жылтырап шыға келеді. 5. Үй тазалағанда қолданыңыз Үйдегі ағаштан жасалған жиһаздар мен еден жууда шай қалташасын пайдалануға болады. 6. Қолдағы жағымсыз иісті кетіреді Қолыңызды қолданылған шай қалташасымен сүртсеңіз, балық, пияз, сарымсақ сияқты өткір иістер лезде жоғалады. 7. Үйдегі хош иісті жақсартады Тоңазытқыш, қоқыс шелегі басқа да жерлерге қойылған шай қалташасы үйге жағымсыз иістің таралуына жол бермейді. Тек оларды жиі-жиі ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. 8. Кілемдерді тазалауда қолданыңыз Кілемді тазалауға біршама көп шай қалташасы керек болады. Сондықтан, оларды суық суға салып жинау керек. Кілемге жететіндей мөлшерде жиналғаннан кейін оларды суық судан алып жартылай құрғатыңыз. Сосын қалташадағы шайды кілем үстіне жайып шығыңыз. Біраздан соң шаңсорғышпен тазалап алсаңыз, кірмен бірге жағымсыз иіс те кетеді. 9. Үйдегі зиянды жәндіктерден арылыңыз Тышқан, өрмекші және осы сияқты үйде болатын зиянды жәндіктер шай иісін жақтырмайды. Үйдің әр бұрышына қолданған шай қалташасын қойып қойсаңыз олардан көп өтпей құтыласыз.
10. Сүйелді кетіреді Сүйелді кетірудің ең жақсы тәсілі – көк шай қалташасын пайдалану. Сүйел шыққан жеріңізге қолданған көк шай қалташасын қойыңыз. 15 минуттан соң жаңасына ауыстырыңыз. Осылай бірнеше күн екі реттен осы тәсілді қолдансаңыз сүйел өз-өзінен жоғалып кетеді. 11. Қанды тоқтатады Егер қолыңызды немесе денеңіздің басқа жерін абайсызда жарақаттап алсаңыз, ескі шай қалташаларын қанап тұрған жерге басыңыз. Қан тез тоқтайды. 12. Тері инфекцияларына қарсы күреседі Шай конъюнктивит, герпес сынды тері ауруларына қарсы ем. 13. Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді Ауыздан шығатын жағымсыз иістен көптеген адам зардап шегеді. Ауыздағы иістен арылғыңыз келсе көк шайдан пайдаланыңыз. Ол тіс қанауын да тоқтатады.
Көзайналасындағы қара дақтар мен ісінуді кетіреді Шай қалташаларын мұздатып көзіңізге біраз уақыт басып ұстап тұрсаңыз, оның құрамындағы кофеин қара дақтар мен ісуді жояды. Ал, шайдағы антиоксиданттар қан айналымын жақсартады. 15. Шаш түсуіне қарсы ем Шашты жуғаннан соң шаймен шашыңызды қайтара жусаңыз шашыңыздың түсуі тоқтап, тез өседі.
Massaget.kz
27 шілде 2018 ж. 2 562 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930