Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 мың долларға азаматтық алуға болады

100 мың долларға азаматтық алуға болады

Bloomberg агенттігі осы аптада азаматтықты ақшаға сатып алуға болатын елдердің тізімін жариялады. Ол үшін ең алдымен ел қазынасына тиісті мөлшерде инвестиция құюуың керек.
Сонымен қалтаңызға қаржыңыз сыймай бара жатса, сіз қай елдің азаматтығын алғыңыз келеді?
Алғашқы ондыққа он ел кірген, соның ішіндегі сегізі халықаралық валюта қорының дерегі бойынша офшорлық аймақ болып саналады. Бірақ сарапшылардың айтуына қарағанда, бай кәсіпкерлердің көбісі азаматтықты басқа себеппен сатып алатын көрінеді. Оның ішінде қаржыдан жалтару дерегі басты себеп екені сөзсіз.
Ал азаматтық алуға болатын ең қымбат елдердің бірі – Австрия. Австрия төлқұжатын алу үшін сіз ел экономикасына 23,75 миллион доллар құюыңыз керек. Одан кейінгі орында 2,375 миллион доллармен Кипр мемлекеті тұр. Үшінші орынды Мальта елі алады. Ол үшін сіз аталған елдің қазынасына 1,065 миллион доллар инвестиция төлеуіңіз қажет. Тіпті меншігіңіздегі яхтаңыз бен екі ұшағыңыз арқылы да Мальта елінің төлқұжатын алуға болады. Ал ең арзан ел қайсы? Кариб теңізіндегі кішкентай аралдағы Доминика, Сент-Люсия, Антигуа және Барбуда елдеріне 100 мың доллар берсеңіз, қиналмай, жедел түрде аталған мемлекеттің азаматы атанасыз.
Ал осыдан үш күн бұрын Египет парламенті арнайы заң қабылдап, оны бекітті. Егер шетелдік азамат Египетте бес жыл тұрып, ел экономикасын дамытуға 400 мың доллар бөлетін болса, онда елдің азамттығын алуға толық құқылы.
Еркін ҚАЛДАН
Aiqun.kz
23 шілде 2018 ж. 1 072 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 26

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031