Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желілердің қосымшалары тұтынушыларды әдейі өзіне байлап отыр – ВВС

Әлеуметтік желілердің қосымшалары тұтынушыларды әдейі өзіне байлап отыр – ВВС

Әлеуметтік желілер ақшалай табыс табу үшін тұтынушыларды әдейі пайдаланады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.
Mozilla мен Jawbone компанияларының бұрынғы қызметкері Аза Раскиннің айтуынша, әлеуметтік желі компаниялары интерфейсті әдейі халықты тартып, өзіне байлау үшін жасайды.
«Сіздің телефоныңыздың артында осы мәселемен айналысатын мыңдаған инженерлер отырады», дейді ол.
2006 жылы инженер-технолог Раскин үздіксіз айналдыру тетігін жасап шығарған. Бұл технология әлеуметтік желі қосымшаларының ерекшелігі саналады. Яғни, тұтынушылар еш батырманы баспай лентаны шексіз көре береді.
«Сіз өзіңіз миыңызға әрекетіңізді тоқтату керектігі туралы белгі бермесеңіз, шексіз айналдырып отыра бересіз», дейді инженер-технолог.
Оның айтуынша, бұл инновация тұтынушыларды телефонға «байлап қойған». Раскин мұндай тәуелділікке өзі бармайтынын, бірақ көпшілікке осы технологияны ұсынғаны үшін өзін кінәлі сезінетінін айтты.
Инженер-технологтың айтуынша, көптеген дизайнерлер қосымшалардың ішінен ірі компаниялардың бизнес-модельдеріне тиімді болатын қызметтерді жасап жатыр.
«Акциялар бағасын арттырып, қаржылық табысты көбейту үшін тұтынушының қосымшаға кетіретін уақыты да ұзақ болуы керек», дейді ол.
Сол арқылы әлі де халықты үздіксіз әлеуметтік желіге байлап қоюдың әдістері іздестірілуде.
«Уақытыңызды босқа өткіздіңіз»
Facebook компаниясының бұрынғы қызметкері де осыған ұқсас мәлімдеме жасады.
«Әлеуметтік медиа ойын автоматтарына қатты ұқсайды. Мен жұмыстан шыққан кезде темекіден бас тартқандай сезімде болдым», дейді компаниядан 2012 жылы жұмыстан шыққан Сэнди Паракилас.
Facebook компаниясында ол 1 жыл 5 ай жұмыс істеп, сол уақыт аралығында осындай тәуелділікке қатердің барын білген.
«Мен әлеуметтік желі әдейі өзіне тартып, дағдыға айналу үшін жұмыс істейтінін білдім. Әлеуметтік желілердің бизнес-моделі сондай: олар сіздің өміріңіздің көп уақытын алып, сіздің назарыңызды жарнама берушілерге сатады», дейді ол.
Ал бұл мәлімдеге қатысты Facebook ВВС тілшілеріне «әлеуметтік желі достар мен туыстардың арасын жақындату үшін ғана жұмыс істейтінін» айтты. Олардың айтуынша, ешбір процесс әлеуметтік желіні дағдыға айналдыруды көздемейді.
«Алдамшы сезім сыйлайды»
Әлеуметтік желідегі тұтынушылар үшін ең тартымдысы – «ұнату» батырмасы мен ретвит.
Facebook Like батырмасының соавторы Лия Перлманның айтуынша, ол өзінің абыройын дәл осы батырманың санына қарай бағалай бастаған.
«Менің өзіме деген сенімділігім жоғала бастағанда, Фейсбукке жүгінемін. Өзімді жалғыз сезінсем де, телефоныма қараймын», дейді ол.
Перлман компаниядан жұмыстан кеткен кезде де Фейсбукті қолданбауға тырысып көрген.
«Дәл сол кезде мен де өзімнің кері байланысқа, әлеуметтік желіге тәуелді екенімді білдім», дейді Перлман.
Әлеуметтік желіге тәуелділердің көбі - жасөспірімдер
Ғалымдар жүргізген зерттеулер әлеуметтік желі мен депрессия, жалғыздық, басқа да психологиялық проблемалар арасында байланыс барын анықтаған.
Ұлыбританияда бүгінгі таңда жасөспірімдер аптасына 18 сағатты телефонның «ішінде» өткізеді екен. Олардың көбі өз уақытын әлеуметтік желілерге жұмсайтыны айтпаса да түсінікті.
«Әлеуметтік желі өзіне кедергі келтіретінін түсінген жастар одан бас тарта бастағандары жөн», дейді Перлман.
Былтыр Фейсбуктің негізін қалаушылардың бірі Шон Паркер көпшілік алдында әлеуметтік желі тұтынушылардың көп уақытын алуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Ол мұны «адам психологиясының әлсіздігін пайдалану» деп атаған еді.
Перлманның айтуынша, ол Like батырмасын тартымдылық үшін жасамаған. Әрине, ол әлеуметтік желілердің көпшілік үшін артық жақтарының да бар екенін мойындайды.
Паркер компанияның о бастан халық назарын өзіне аударуды көздегенін естігенде Facebook компаниясы мамандарының бірі ВВС-ге хабарласып, бұл мәселенің әлі де зерттеліп жатқанын айтты.
«Біз адамдардың интернеттегі және біздің платформадағы өз-өзін ұстауына қатысты зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Егер тұтынушыларға зиян келтіретін элементтердің бар екені анықталса, олардың қауіпсіздігі үшін инвестиция құюға дайынбыз», деді ол.
Соңғы жаңалықтарға сенсек, Facebook адамның соңғы жеті күнде осы әлеуметтік желіде қанша уақыт өткізгенін көрсетіп тұратын қызметті енгізгелі жатыр. Сондай-ақ бұл қызмет бір күнде әлеуметтік желіде отыруға болатын уақытты шектеп қоюға да мүмкіндік бермек.
Ағылшын тілінен аударған
Алтынай Қуанышбек


05 шілде 2018 ж. 1 230 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930