Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Палестинаға қанша қаржы бөлетінін айтты

Президент Палестинаға қанша қаржы бөлетінін айтты

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жалғасып жатқанын, Ауғанстандағы тұрақсыздық жағдайын, ал Батыста заңсыз көші-қон проблемасы ушығып бара жатқанын еске салды.

«Бүгінгі таңда Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар мен қарттар қақтығыстың құрбанына айналды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты мен Палестина халқына гуманитарлық көмек 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдадым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттер арқылы шешуге мүлдем жол бермеу керек.

«Қазақстан мұндай әдістерді үзілді-кесілді айыптайды. Жағдайдың шиеленісуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз кез келген қақтығыстарды тек бейбіт келіссөздер мен дипломатиялық диалог арқылы шешуге шақырамыз», деді ел Президенті.
03 қараша 2023 ж. 299 0

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 112

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 261

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930