Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары 14 құжатқа қол қойды
Бішкекте Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің бірініші ХХІІ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Отырыс қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (премьер-министрлер) кеңесінің жиырма екінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике; Отырыс қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
2. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген іс-шаралар мен отырыстар туралы ШЫҰ Хатшылығының есебі туралы ҮБК шешімі;
3. ШЫҰ-ның 2022 жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есебі туралы ҮБК шешімі;
4. ШЫҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы ҮБК шешімі;
5. ШЫҰ-ның қаржылық ережелері туралы ҮБК шешімі;
6. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары лауазымды тұлғаларының ақшалай қаражаты, кепілдері мен өтемақылары туралы ереже бойынша ҮБК шешімі;
7. ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы аудиторлар комиссиясының ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне сыртқы аудит жүргізу туралы есебі бойынша ҮБК шешімі;
8. ШЫҰ мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің (темір жолдардың) өзара іс-қимыл тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы ҮБК шешімі (Ташкент қ. 2019 жылғы 2 қараша);
9. ШЫҰ Хатшылығының штаттық кестесі туралы ҮБК шешімі;
10. ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің штаттық кестесі туралы ҮБК шешімі;
11. ШЫҰ аймағындағы сатып алушылар мен сатушылардың цифрлық кездесуін өткізу тұжырымдамасы туралы ҮБК шешімі;
12. 2017 жылдың 1 желтоқсанындағы ШЫҰ бюджетін құру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
13. ШЫҰ мүше мемлекеттердің цифрлық сауда саласындағы сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрліктер мен ведомстволар арасындағы ынтымақтастық перспектикаваларын зерделеу бастамасы (қол қоюсыз қабылданады);
14. 2024 жылғы «Эколгия жылына» арналған ШЫҰ іс-шаралар жоспары.
ШЫҰ мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының келесі отырысы Пәкістан Ислам Республикасында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Смайылов Бішкекте өтіп жатқан ШЫҰ үкімет басшылары отырысына қатысты.