Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылдан бастап Таулы Қарабақ Республикасы жойылады

2024 жылдан бастап Таулы Қарабақ Республикасы жойылады

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Самвел Шахраманян Қарабақтың барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарын тарату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлады aikyn.kz
Шешім қазіргі күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты Арцах халқының физикалық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз етуді негізге ала отырып шығарылған.
Ресей бітімгерлік контингенті қолбасшылығының Әзербайжан Республикасы өкілдерімен Таулы Қарабақ тұрғындарының, оның ішінде қаруын тастаған әскери қызметшілердің өз мүлкімен және көліктерімен Лачин дәлізі бойынша еркін, ерікті және кедергісіз өтуі туралы қол жеткізілген келісім ескеріліп, Қарабақ Конституциясының 93-бабы басшылыққа алынғаны айтылған.
«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылсын және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы өз қызметін тоқтатсын.
Таулы Қарабақ тұрғындары, соның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға осы Жарлық күшіне енгеннен кейін болашақта Таулы Қарабақта қалу (қайту) мүмкіндігі туралы тәуелсіз және жеке шешім қабылдау мақсатында Әзербайжан Республикасы ұсынған реинтеграция шарттарымен таныссын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
28 қыркүйек 2023 ж. 240 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031