Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда теннис добымен бірдей бұршақ жауып, 110 адам зардап шекті

Италияда теннис добымен бірдей бұршақ жауып, 110 адам зардап шекті

Италияның солтүстік-шығысындағы Венето өңірінде көлемі теннис добындай бұршақ жауып, 110 адам жарақат алды, деп хабарлайды inform.kz
Венето губернаторы Лука Зайя зардап шеккендер бұршақтан немесе сынған терезелерден жарақат алғанын мәлімдеді.
«Мен құтқарушылар мен техникалық қызметкерлерге рахмет айтамын. Олар жағдайды тұрақтандыру және зақымды бағалау жұмысын жалғастырып жатыр, - деп атап өтті Зайя. - Бұршақ ерекше болды, аспаннан диаметрі 10 сантиметрлік мұз тастар жауды».
Губернатор өңірде төтенше жағдай жариялады.
Төтенше жағдайлар қызметі мүліктің зақымдануы мен дене жарақатына байланысты 500-ден астам адамға көмек көрсеткен, деп хабарлады Венето аймақтық азаматтық қорғаныс қызметі.
Жұмысшылар қолайсыз ауа райында сынған терезелердің әйнегін жинап, зақымдалған ағаштарды кесті.
Биыл Еуропада ауа райы қатты құбылып тұр.
Италия, Испания мен Грекия бірнеше күннен бері аптап ыстықпен күресіп жатыр.
Италия астанасы Римде сейсенбі күні рекордтық температура – 41 градус ыстық тіркелді.
21 шілде 2023 ж. 763 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031