Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарт анасы мен әкесін арқалаған жігітке түріктердің қандай қатысы бар?

Қарт анасы мен әкесін арқалаған жігітке түріктердің қандай қатысы бар?

Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың жаз мезгілі Мяньмадағы азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандар үшін ауыр болғанын. Өз атажұртында отырған олар жергілікті будда радикалдарынан қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық көріп, ақырында көрші елдерге бас сауғалап, босып кеткенін талай мәрте айтқан едік.
Естеріңізде болса, сол кезде "хитқа" айналған, өздігінен жүріп-тұрудан қалған ата-анасын арқалап, шекара асқан мына жас жігіттің әрекетіне сүйсінбеген жан жоқ. Енді бұл жігітке түріктердің қандай қатысы бар дейсіз ғой? Түркияның Yeni Şafak ақпарат көзі жазғандай, әл-дәрмені жоқ ата-анасын арқалап, жеті күн жол жүріп, Кутупалонгтегі босқындар лагеріне аман-есен жеткізген Мұхаммед Аюб есімді жас жігітке түріктер қолұшын созған екен. Босқындар лагеріне келген соң көп ұзамай әкесі дүние салады. Ал сал болып қалған анасы Әсияға түріктердің адам құқығы мен еркіндігін қорғау және гуманитарлық көмек қоры медициналық жәрдем көрсетті. Аталған қордың белсенділері Әсияны Бангладеште Түркияның денсаулық сақтау министрлігі салған "Сахра" емханасына жатқызады. Бұдан бөлек, тегін мүгедектер арбасын тарту етеді. Жас жігіттің өзі де медициналық жәрдем алады. Олардың азығын, тұрмыстық бұйымдарын және киім-кешегін өз мойнына алған аталған қор мұнымен ғана шектеліп қалай Аюб отбасына баспана тұрғызып бермек.
09 мамыр 2018 ж. 2 024 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 72

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 59

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 76

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 70

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 74

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031