Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин бірқатар мәлімдеме жасады

Путин бірқатар мәлімдеме жасады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинадағы арнайы операция барысы, Ресейге қарсы санкциялар пакеті, сондай-ақ экономикалық сынақтар туралы бірқатар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Украинадағы жағдай
Ресей аймақтарын әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары туралы кеңесте Владимир Путин Украинадағы арнайы операция "алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүріп жатқанын" айтты.
"Қорғаныс министрлігі мен бас штаб әзірлеген әскери іс-қимыл тактикасына келетін болсақ, ол толықтай ақталды. Біздің жігіттер, солдаттар мен офицерлер ерлік пен қаһармандық танытып жатыр. Олар өз арасында, Украина қалаларының бейбіт тұрғындары арасында шығын болмауы үшін қолынан келгенін жасайды", - деп сендірді Ресей басшысы.
Ресей президенті "Батыс меценаттары" Киевті қантөгіске итермелеп отыр деп есептейді.
"Оларға жаңа қару-жарақ жөнелтілімдері жеткізіліп, барлау мәліметі берліп, басқа да көмектер беріліп жатыр, соның ішінде әскери кеңесшілер мен жалдамалыларды орналастыру", - деді ол. Сондай-ақ, Путин Ресей келіссөздер барысында Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылауға дайын екенін айтты. "Еліміз адамдар мен олардың өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет екенін түсініп, бұл келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу үшін бәрін жасады", - деді ол.

Бизнестің негізгі рөлі
Кездесу барысында Ресей президенті компаниялар мен жеке тұлғалар есепшотының бұғатталуы фонында "ресейлік бизнеске сабақ" болғаны туралы да айтты. "Бұл еліңізге инвестиция салудан сенімді ештеңе жоқ екенін көрсетті. Мен бұл туралы жеке және бірнеше рет айттым", - деді Ресей басшысы. Бұл ретте Ресей Федерациясының басшысы қазір ел үшін оңай емес екенін, өйткені "бизнес бұрын-соңды болмаған қысымға тап болды" деп мойындады.
"Санкциялардан бірінші болып банк жүйесі зардап шекті, бірақ ресейлік банктер бұл қиындықты жеңді. Олар тәулік бойы жұмыс істей отырып, кәсіпорындар қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтардың төлемдері мен есеп айырысуын жүргізіп жатыр", - деді Путин.

Ресей экономикасының өзекті мәселелерін шешу туралы айта отырып, Владимир Путин бұл ретте жеке бизнес басты рөл атқаруы тиіс екенін айтты.

"Бизнес қысқа мерзімде логистиканы қалпына келтіруге, жаңа жеткізушілерді табуға, сұранысқа ие өнім шығаруды арттыруға қабілетті", - деді президент.

Импортты алмастыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру

Қазіргі экономикалық жағдайға келетін болсақ, бізге билік пен бизнес өкілдерінің жақсы үйлестірілген жұмысы және импортты алмастыруды жеделдету қажет, дейді Ресей президенті.

"Қазір мәселе ақшада емес, бізде ресурстар бар, негізгі қиындықтар жинақтауыштарды, жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізуге, мердігерлердің жұмысын ұйымдастыруға байланысты, сондықтан нақты бағдарламаларды іске асыру мерзімдері мен әдістері, олардың кезеңдері өзгеруі мүмкін, бұл билік пен бизнес өкілдерінің үйлестірілген жұмысын, импортты алмастыру жобаларын жеделдетіп жүзеге асыруды талап етеді", - деді ол.
Ресей басшысы алдағы жарты жылда аймақтарда экономиканы дамыту бойынша штабтар құруды тапсырып, бұл жұмысты үйлестіруді губернаторларға тапсырды. "Ал губернаторларға (тапсырамын - еск.) экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін жедел штабтар құруды және бұл жұмысқа жеке басшылық жасауды тапсырамын", - деді Путин. Владимир Путин федерал бюджеттің кірістері жоспарланған жобаларды қаржыландыруға жеткілікті және Орталық банк ақша басып шығаруға мұқтаж емес деп сендірді.

"Қазіргі жағдайда федерал бюджеттен қаржыландыру мәселесі болмайды. Біздің экономика бүгінде жеткілікті, жақсы табыс көлемін қалыптастырады, бұл эмиссияға жүгінудің қажеті жоқ дегенді білдіреді, басқаша айтқанда, орталық банкке ақша басып шығарудың қажеті жоқ", - деп сендірді Ресей президенті.
Халықты қолдауға келсек, Ресей билігі жақын арада әлеуметтік жәрдемақыларды, зейнетақы мен күнкөріс деңгейін көтеру туралы шешім қабылдайды, деді Путин. "Мен бағаның өсуі халықтың кірісіне елеулі әсер ететінін түсінемін, сондықтан жақын арада барлық әлеуметтік төлемді, соның ішінде жәрдемақылар мен зейнетақыларды ұлғайту, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру, сондай-ақ бюджеттік саладағы жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаймыз", - деді ол. Сондай-ақ, кездесу барысында Путин Батыс елдерінің санкцияларына баға берді.

"Саяси негіз, жекеменшікке қолсұқпау, сөз бостандығы, бәрі далада қалды, тіпті Олимпиадалық қағидаттар да аяққа тапталды", - дейді Ресей президенті. Бұл ретте Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ конгресінде Украина аумағындағы қазіргі жағдай туралы бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі.
Украина президентінің АҚШ конгресінен бірінші сұрағаны – Украинаның үстінде "гуманитарлық ұшуға тыйым салынған аймақ" құру болды. Екіншісі - Америка халқы мен АҚШ президентіне Украинаны қолдауға бағытталған барлық қадамы үшін алғыс.
Үшінші тармақ - U-24 шартты атауымен түбегейлі жаңа халықаралық одақ құру туралы ұсыныс. U - Ukraine немесе Бейбітшілік үшін біріккен (бейбітшілік үшін біріктірілген). 24 - бұл 24 ақпан, Украинадағы оқиғалардың басталу күні және 24 сағат.
17 наурыз 2022 ж. 592 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930