Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » QAZAQ AIR Ресейге рейстерін тоқтатты

QAZAQ AIR Ресейге рейстерін тоқтатты

Бүгін QAZAQ AIR авиакомпаниясы Ресейге барлық рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«QAZAQ AIR авиакомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі (12 наурыз) рейс орындалмайды», - деді мекемеден.
Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда. Билеттерді қайтару сатып алған жерлері бойынша жүзеге асырылып жатыр. Егер ұшу құжаты авиакомпанияда сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электронды поштасына хабарласу қажеттігі айтылды.
«Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. QAZAQ AIR авиакомпаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр», - деді компанияның баспасөз қызметінен.
13 наурыз 2022 ж. 707 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30