Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді

Ақпан айында бизнес тексерісі қайта жанданып, әуе рейстері ашылады, сондай-ақ утилизациялық алымның жаңа ставкасы белгіленуі мүмкін.
Бүгіннен бастап салықтық және кедендік тексерістер қайта басталады.
Сондай-ақ камералдық бақылау да жүргізіледі. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар да қайта жанданады.
Бұған дейін қаңтар оқиғаларына байланысты бизнеске жүктемені төмендету үшін мемлекеттік кірістер комитеті барлық тексерісті 1 ақпанға дейін уақытша тоқтатты. Бірақ кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішімен құқық қорғау органдары тағайындайтын тексерістер тоқтаған жоқ.
Lufthansa Қазақстанға әуе рейстерін жандандырады
7 ақпаннан бастап Lufthansa неміс авиакомпаниясы Қазақстанға әуе рейстерін қайта бастайды.
Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға аптасына екі рейс орындау жоспарланып отыр. Жолаушылар А330 ұшағымен ұшады.
Оқи отырыңыз: Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты
Рейстер Франкфурт – Алматы бағыты бойынша дүйсенбі және бейсенбі, Алматы – Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағытымен сейсенбі және жұма күндері жасалады.
Lufthansa әуе компаниясы қаңтар айының ортасында Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатқан болатын.
Екатеринбургтен Нұр-Сұлтанға рейстер жиілейді
Ақпан айында Екатеринбургтің "Кольцово" халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтанға баратын рейстер саны артады.
1 ақпанда Qazaq Air авиакомпаниясы Қазақстан астанасына қосымша рейс ашады.
Рейстер әр сейсенбі сайын орындалады. Жолаушылар De Havilland Dash-8-Q400NG ұшағымен тасымалданады. Айта кетері, бұл әуе көлігіне 86 адам сыяды.
Қазіргі таңда Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан қаласына рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі ұшады. Оларды Qazaq Air және Уральские авиалинии" компаниялары орындайды.
Оқи отырыңыз: "Оператор РОП" басқарушы директоры өлі табылды
Қазір Қазақстанға шетелден ұшып келетін барлық жолаушы (вакцина салдырғандарды қоса алғанда) коронавируспен ауырмайтыны туралы ПТР-анықтама көрсетуге міндетті. Құжат мерзімі 72 сағаттан асып кетпеуге тиіс. Бес жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.
Утиль алымы өзгеруі мүмкін
Ақпан айының соңына дейін утилизациялық алымның жаңа ставкасы бекітіледі деген жоспар бар.
Қазір бұл мәселемен утиль алымының коэффициентін қайта қарау жөніндегі ведомстоваралық жұмыс тобы айналысып жатыр. Топтың жұмыс нәтижесі туралы ақпарат экология министрлігінің сайтында жарияланады.
Автосарапшы, Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында утиль алымы 100 мың теңгеден аспауы шарт екенін айтқан еді.
"Утилизациялық алым қайта қаралып, ең жоғарғы мөлшері 100 мың теңгеден аспаса, яғни 20, 30, 50 мың теңгеден басталса, онда елге кіргізілетін жаңа және мінілген автокөліктердің өзіндік құны төмендейді. Мысалы, қазір бір көлік үшін утиль алымы 3 миллион теңгені құраса, ол 100 мың теңгеге дейін төмендеген жағдайда, оны елге кіргізу құны 2 миллион 900 мың теңгеге арзандайды", - деді Эдоков.
Автосарапшылардың автокөлік бағасына қатысты болжамын толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев утиль алымы мөлшерін қайта қарап, жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырды.
Көп ұзамай мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Жаңа оператор – "Жасыл даму" мемлекеттік компаниясы.
Қазір құзырлы органдар "Оператор РОП" компаниясына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұрынғы оператордың функцияларын мемлекеттік компанияға беру процесі әлі аяқталған жоқ. Осыған байланысты "Жасыл даму" утилизациялық алым жинауды уақытша тоқтатты.
01 ақпан 2022 ж. 301 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930