Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Twitter Ресей елшілігінің постын өшіріп тастады

Twitter Ресей елшілігінің постын өшіріп тастады

Twitter Ресей елшілігінің постын өшіріп тастады. Twitter желісі Лондондағы Ресей елшілігінің "украинадағы аурухананы ресейлік күштердің бомбалауы- жалған ақпарат" деген екі жазбасын өшірді.
Сәрсенбі күні Украинаның Мариуполь ауруханасына шабуыл жасалып, үш адам қаза тапты. Бірақ Ресей елшілігінің твиттерінде "аурухана ол кезде жұмыс істемеген және оқиға орнында суретке түскен жараланған әйелдер актерлер болған" деген негізсіз мәлімдемелер жасалды.
Twitter өкілі Ресей елшілігінің бұл өтірігі твиттердің зорлық-зомбылық оқиғаларын жоққа шығаруға байланысты ережелерін бұзатынын айтты. Ресей елшілігінің қызметкерлері өз талаптарын растайтын ешқандай дәлел ұсынбады.
Ресей елшілігі аурухана "ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеді" деп мәлімдеді. Дегенмен, аурухананың Facebook парақшасында бір апта бұрын жарияланған жазбада аурухана операцияны жалғастыру үшін жанармай сұраған.
Өткен аптада Sky News және Associated Press ақпарат агенттігі Мариупольде жарылыстан зардап шеккендердің емделіп жатқанын және перзентхана жертөлеге көшірілгенін айтады.
Ресей тараптың "оқиға орнында жүкті әйелдің фотосуреттерін жасау үшін сұлулық блогерінің қолданылғаны" туралы мәлімдемесі де күмән тудырған өйткені қалада тұратын бұл әйелдің өткен айдағы Instagram жазбаларында жүкті болғаны байқалған.
Ресей тарапы бастабында "жарылысты Украина қолдан жасады" деген мәлімдемелер таратқан. Алайда, ол мәлімдемені Лондондағы Ресей елшілігі жариялаған жоқ.
"Жарылысты Украина қолдан жасады" деген сыңайдағы мәлімдемелер алдымен Telegram хабар алмасу бағдарламасының ресейлік қолданушылары арасында танымал бола бастады, содан кейін мемлекеттік теледидар жаңалықтары мен чат-шоуларында аталды.
Бұндай негізсіз жалған мәлімдемелердің барлығы твиттерде жойылғанына қарамастан желіде таралуда.

Жүкті сұлулық блогерінің Instagram аккаунты енді онлайн тролльдер мен қастандық теоретиктерінің нысанасына айналды.
Әлеуметтік медиа компаниялары өздерінің платформаларында жалған ақпаратпен күресуге тырысуда, көптеген ірі технологиялық компаниялар ресейлік RT және Sputnik хабар таратушыларын бұғаттады.
Бірақ Twitter ресейлік үкіметтік ұйымдармен байланысы бар бірнеше аккаунттарға, соның ішінде Владимир Путиннің Twitter-дегі ресми аккаунтына тыйым салған жоқ. Ресей елшілігінің аккаунты да белсенді күйінде.
qamshy.kz​​


11 наурыз 2022 ж. 591 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 121

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031