Көлік атаулары қандай атау береді?
Машина маркілерін жаттап, оларды жарыса сөз ету көбіне ер балаларға тән. Ал олар туралы қызығушылық қазір жалпыхалықтық сипат алған. Бір сәт біз қызығатын, білетін және білуге ұмтылатын көлік маркілері қайдан шыққанын білсек.
Автоөндірушілер өз көліктеріне атауды көбіне компания негізін салған адамның құрметіне қояды.
Ең әйгілі мысал «Ford» 1911 жылы Генри Фордтың зауытынан шыққан алғашқы көлік. Сол кезден бастап, әйгілі автоөндірушінің фамилиясы көлік эмблемасында кескінделіп келеді.
«Dodge» маркасы да ағайындылары көлік өндірісімен айналысқан Джон мен Горацио Доджтың құрметіне арналған. ХХ ғасырдың басында екеуі велосипедтерді жинауды доғарып, темір тұлпарларды жинастыруды бастайды.
Американдық маркілердің тағы біреуі өз бастауын өндірушінің аты-жөнінен алынған. Швейцария шабандозы Луи Шевроленің атымен бүгін бәрімізге таныс көлік маркасы шығарылған компанияның негізін Лиудің ағасы Артур Шевроле 1908 жылы қалаған.
1919 жылы әлемдік қауымдастық «Citroen» көлік маркасымен танысқан. Кішкентай әрі ыңғайлы көліктердің өндірісін бастау үшін Андре Ситроен «Ситроен» акционерлік қоғамын құрған. Дәл сол кезде, Жапонияда да бірнеше автоөндіріс кәсіпорындары бой көтерген болатын. Ондағы көптеген өндірушілердің өнімі компания негізін салушы адамның атымен аталған. «Honda-Soichiro» Honda фамилиясымен қойылған.
Мичио Сузуки әлемге «Suzuki» маркасын әкелді. Компания өз ісін велосипед пен тігін машиналар құрылысынан бастаған. 1930 жылы Жапонияда көліктерге сұраныс өскендіктен, компания өз бағытын басқа салаға бұрып, әлемнің жетекші автоөндірушісіне айналған. Қазіргі таңда олардың өнімі үлкен сұранысқа ие.
«Kawasaki» Shozo Kawasaki. Алғашқыда бұл компания кемелердің құрылысымен айналысқан. Қазіргі таңда мото, авто, әскери техниканың құрылысымен қоса, қару-жараққа дейін шығарады.
«Toyota» брэндін өмірге Sakichi Toyoda әкелген. Жапон тілінде "тойота" сөзі сегіз әріптен құралады. Сегіз саны жапондықтар үшін қасиетті. "Тойота" сөзінің бөлек жазылуын былайша түсіндіреді. "Toyo" – "молшылық", "Ta" – күріш". Азия құрлығында "күріш молшылығы" жақсылықтың, берекенің белгісі.
Дзудзиро Мацуда «Toyo Cork Kogyo Co» концернін «Mazda» атауына өзгертіп жіберген. Жаңа атау үшін Ахура Мазда – данышпан Құдайының есімінен алынған. Жапондықтар Ахура Мазданың табиғатпен ерекше байланысы бар екендігіне сенеді.
«Mitsubishi» корпорациясының өнімі "Мицу" –"үшті" білдірсе, "Биси" – алмаз. Үш алмаздың бейнесі көлік эмблемасында кескінделген.
«Daihatsu» зауытының тарихы сонау 1907 жылдан бері басталады. Бұған дейін компания үш дөңгелекті көлік өндірісімен айналысып, «Hatsudoki Seizo» деген атауға ие болған. 1951 жылдан өндіріс негізін қалаған Daihatsu Kogyоның атымен атап кеткен.
«Nissan»компаниясының ресми қаланған күні 1933 жылдың 26 желтоқсаны. Жаңа бренд «Tobata» мен машина құрылысымен айналысатын «Nixon Sanyo» фирмасының қосылуынан пайда болған. Кейін компания «Jidosha Seizo Co» деп аталды. 1934 жылы ол «Nissan Motor Со» деп өзгертіледі. «Nissan» сөзі «Nixon», «Sanyo» сөздерінің алғашқы әріптерінен пайда болды.
Концерн атауы өте терең мағынаға ие. Өндірістің негізін Ким Ву Чон қалаған. Егер «Daewoo» сөзін дәлме-дәл аударатын болсақ, ол "үлкен дүние" дегенді білдіреді.
«Hyundai» брендін қалаған адамдар негізге "қазір" сөзін алған екен. Екінші кореялық «SsangYong» компаниясы 1988 жылы жұмысын бастаған. Компания «SsangYong Group» қаржы-сауда-саттық холдингінің құрамына енген. Кейін жеке бөлініп, «SsangYong Motor Company» деген атауға ие болған.
Дерек әлеуметтік
желіден алынған