Ғалым жақын арада орын алатын жаһандық апаттың қаупі туралы айтты
Егер адамзат алдағы 30 жылда ғаламшардың орташа температурасы бір жарым градустан асатын болса, апаттық табиғи өзгерістер орын алады. Бұл туралы ресейлік климатолог Вернадский атындағы ҚФУ Агротехнологиялық академиясының доценті Владимир Рябов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Осыған ұқсас ескерту Париж климаттық келісімінде айтылды. Ғалымның айтуынша, табиғи апаттар, атап айтқанда дауыл мен топан су – бұл тек бастамасы болады.
Ғалымның айтуынша, жаһандық жылыну адамның іс-әрекетіне байланысты ғана емес, негізгі себеп-табиғи процестер. Адамдар кейбір өзгерістерді тездетуі немесе баяулатуы мүмкін.
Рябов соңғы 40 жыл ішінде планетадағы жылыну бұрынғыдан да күшті болғанын түсіндірді: орташа температура екі градусқа көтерілді.
"Климаттың тез өзгеруі табиғи апаттардың стихиялық түрде жүруінен байқалады. Өзгерістер неғұрлым жаһандық тұрғыда болса, апаттар соғұрлым қауіпті бола түседі", – деп ескертті ол.
"Үлкен апаттардың басталуына мұхиттарда, одан кейін тау шыңдарында мұздың еруі себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда жердің 30 пайызы су астында қалады", – деп жалғастырды ол.
Климатолог халық тығыз қоныстанған аумақтар су астында қалатынын атап өтті. Ғалымдар үнемі жаһандық жылынудың қауіптілігі туралы ескертеді.
Процесті тежеу үшін 2015 жылы 190-нан астам ел Париж климаттық келісіміне қол қойды, оның мақсаты бөлінетін шығындар көлемін азайту, технологиялық тұрғыда өзгерістерге дайындалыу және бейімделу.
Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру көзделіп отыр.