Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ басшысы пандемия неге созылып кеткенін айтты

ДДСҰ басшысы пандемия неге созылып кеткенін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының неге созылып кеткенін айтты, деп хабарлайды egemen.kz
Пандемияға қарсы әрекет ету тақырыбындағы дәрісте ДДСҰ басшысы 8 желтоқсанда «COVID-19-ға қарсы вакцина қолданылғанына» 1 жыл болғанын еске салды. Оның айтуынша, барлығы бір жылдан кейін пандемия аяқталатынына сенді, соған үміттенді. Алайда пандемияны аяқтау үшін вакцина, диагностикалық және емдік құралдар, басқа да маңызды құралдар тең бөлінбегендіктен, пандемия күткеннен әлдеқайда ұзақ уақытқа созылып кеткен.
«Омикрон штамының пайда болуы жетістіктерімізге нұқсан келтіреді. Жаңа емдеу әдістерін әзірлеу COVID-19-дың алдын алуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бірақ миллиондаған адамды вакцинадан айырған жаңа құралдарға әділетсіз түрде қол жеткізе алмаймыз», деп толықтырды ДДСҰ басшысы.
Гебрейесус ел үкіметтерін жаңа омикрон штамына қарсы ұлттық пандемия жоспарларын қайта қарауға, сондай-ақ, аурудың таралуын азайту және вакцинациямен қамтуды жеделдету бойынша шараларды күшейтуге шақырды.
«Тағы қанша адамның өмірін жоғалтатынымыз бүкіл әлем бойынша вакцинаға, сынаққа және емдеуге әділ түрде қолжетімділікті қаншалықты жылдам қамтамасыз ете алатынымызға байлан
ысты», деп қорытындылады ол.
10 желтоқсан 2021 ж. 721 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930