Қытайдағы көлік саны 300 миллионға жетіп қалды
2021 жылдың соңына қарай Қытайда тіркелген көлік саны 300 миллионнан асады. Бұл туралы Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы (CAAM) бас хатшысының орынбасары Си Цзиньхуа Аньхой провинциясының астанасы Хэфэйде өткен Дүниежүзілік өндіріс конгресінде айтты, деп жазады egemen.kz
Оның айтуынша, қыркүйек айының соңында тіркелген көліктер саны 297 миллионға жеткен. Си Цзиньхуа 2021-2025 жылдары автокөлік нарығы жыл сайын орта есеппен 4 пайызға өседі, ал 2021 жылдың соңына қарай тіркелген көліктер саны 300 миллионнан асады деп болжаған.
Екінші жағынан, Қытайдағы электр көліктерінің сатылымы бензин мен дизельді көліктерге қарағанда жылдам өсуде.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаңтар-қазан аралығында электрмен жүретін көліктердің жалпы өндірісі мен сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге өсті.
Осы кезеңде электр көлігінің сатылымы Қытайдағы жалпы автокөлік сатылымының 11 пайызын құрады.