Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап монета шығарды

Түркия Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап монета шығарды

Ыстамбұлда монетаны таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Капитал таратқан ақпаратқа қарағанда, шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Бас консул Әлім Байел, Түркия Ақша сарайының директоры Ясир Шахин және ғалымдар мен журналистер қатысты.
Ыстамбұлдағы Бас консул Әлім Байелдің айтуынша, күміс монетаның дизайны Ақша сарайымен бірлесе отырып жасалған. Онда Қазақстанның терең тарихы мен Түркі әлемінің бесігі екені көрсетілген.
Бұл монета — Түркияның Қазақстанның тәуелсіздігі күніне тамаша тарту, елімізге деген құрметтің белгісі, — дейді елші Абзал Сапарбекұлы.
Темір ақшада Қазақстанның туы бейнеленіп, түрік тілінде "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" деп жазылған. Арғы бетінде Қазақстанның картасы бар. Оның астында Qazaqstan деген жазу түскен. Картаның ішінде қазақ жерінде орда көтерген бірқатар көне мемлекеттердің атауы, атап айтқанда, "сақтар", "ғұндар", "Түрік қағанаты", "Алтын Орда" және "Қазақ хандығы" деп жазылған.
17 қыркүйек 2021 ж. 862 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031