Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дания коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастады

Дания коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастады

Дания коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаған алғашқы еуропалық ел болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елдің Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
Коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастауға елдегі вакцинация деңгейі себеп болған: 12 жастан асқан халықтың 83 пайызы толығымен екпе салдырған.
Данияның денсаулық сақтау органдары бұл қадамды елдегі вакцинацияның жоғары деңгейіне және ауыр сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің төмен деңгейіне байланысты вирус "енді қоғамға қауіп төндірмейді" деп мақұлдаған.
Елде 10 қыркүйектен бастап бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін адамдардан вакцина паспортын талап етпейді. COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған балалар енді үйге жіберілмейді. Карантин тек коронавируспен ауыратын науқастар үшін ғана. Дені сау азаматтар кеңселерге, ал балалар мектептерге орала алады.
Алайда Данияға кіруге бірқатар шектеулер әлі де сақталған. Олар саяхатшы келген елге байланысты болмақ. Politico басылымы мәліметінше, Дания коронавируспен күресуге бағытталған барлық шектеу шарасын толығымен жойған алғашқы еуропалық ел.
10 қыркүйек 2021 ж. 549 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930