Жапония Moderna вакцинасын қолданудан бас тартты
Жапония Денсаулық сақтау министрлігі Moderna вакцинасының құрамынан бөгде зат табылғанын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Moderna вакцинасын елде сату мен таратуға жауап беретін Takeda Pharmaceutical Co. жапон фармацевтикалық компаниясы вакцинаның денсаулыққа қауіп тудыратыны туралы нақты мәлімдеме алмағанын айтты.
Kyodo агенттігінің жазуынша, 39 ампуладан табылған бөгде зат мөлшері бірнеше миллиметрді құраған. Takeda өндірушілерден шұғыл түрде вакцина құрамын зерттеуді сұрады. Moderna табылған заттарды зерттеп жатыр.
16 тамыздан бастап Ибараки, Сайтама, Токио, Гифу және Айчи префектураларындағы сегіз егу орнындағы вакциналардан бөгде зат анықталған.
Министрліктің мәліметінше, вакцинаның 1,63 миллион дозасы Испанияда бір уақытта 3004667, 3004734 және 3004956 нөмірлерімен шығарылған. Барлық доза 863 вакцинация нүктесі арасында таратылған. Қазір оларға екпені уақытша қолданбау туралы хабарланды.
Үкімет халықты вакцина салдыруға шақырғанымен, республиканың көптеген аймағында «дельта» штамының таралуына байланысты аурушаңдық артқаны байқалады. Үкіметтің хабарлауынша, вакцина бүкіл ел бойынша 10 миллионнан астам дозада қолданылған. Үкімет мамырда Moderna вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді. Қыркүйектің соңына дейін қосымша 50 миллион доза Moderna алуды жоспарлап отыр.