Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Samsung коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін бастайды

Samsung коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін бастайды

Samsung Electronics өзінің Samsung Biologics бөлімшесіне Moderna компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасын өндіруге қолдау көрсетпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Business Korea сайтына сілтеме жасап.

28 шілдеде Moderna компаниясы шетелдік вакцина зауытымен болған түсініспеушілік туралы жариялады. Саланың инсайдерлері мәселе Samsung Biologics-ке сұйытылмаған вакциналарды өндіру және жеткізуге жауап беретін Швейцариядағы зауыт жұмысына байланысты туындады деп отыр.
Бұл жағдай компания жұмысына кедергі келтірген. Олар вакцина өндірісін аяқтауға дайындалып жатыр. Алайда сұйылтылмаған вакцина ерітіндісі шетелдік зауыттардан шықпаса, барлық дайындық нәтижесіз болуы мүмкін еді.
Басылым мәліметінше, Samsung Biologics өзінің өндірістік жүйесін дайындауға ниетті. Басылым вакцинаны жасау процесінде ең маңызды нәрселердің бірі - өндірістік учаскелерді таза ұстау екенін, ал Samsung Electronics тазалық бойынша әлемде алдынғы орында тұратынын айтты.
Мамандардың айтуынша, егер Samsung Electronics тазалық бойынша Samsung Biologics өндірістік тәжірибесіне қосылса, Moderna Samsung Biologics технологияларын берудің жылдам қарқынын және вакциналар өндірісінің сапасын жақсартуы мүмкін.
Moderna Кореяны АҚШ пен Еуропаны қоспағанда, әлемде вакцина өндіретін жалғыз ел ретінде таңдағанын айтты.
Бұған дейін Pfizer және Moderna вакцина өндірушілері Еуропалық Одақ үшін препараттың бір дозасы үшін бағаны көтерген болатын.
03 тамыз 2021 ж. 521 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930