Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда паралимпиада қарсаңында Covid індеті күш алды

Жапонияда паралимпиада қарсаңында Covid індеті күш алды

Сейсенбі, 24 тамыз күні ашылатын Паралимпиада ойындары қарсаңында Жапонияда коронавирус індеті өршіп, күнделік тіркелетін науқас саны рекорд жаңартып жатыр.
Сенбі, 21 тамыз күні елде үшінші күн қатарынан 25 мыңнан астам науқас тіркелді. Бір Токионың өзінде бес мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.
Олимпиада ойындарындағыдай, мұнда да қатаң карантин шаралары сақталмақ.
Паралимпида комитетінің жетекшісі Эндрю Парсонс жарыстың мүгедек азаматтар үшін маңызды екенін атап өтіп, қатысушыларды тоқмейілсімеуге шақырды.
"Сірә, жарыс орындарында көрерменнің болмауы қиын болайын деп тұр. Бірақ біз теледидар арқылы төрт миллиардтан астам адамды қамтимыз" деді Парсонс.
Жергілікті билік қатаң карантин шараларын ұстана отырып ойындарды қауіпсіз жағдайда өткізуге болады дейді.
Қатысушылар паралимпиада ауылына жарыстың алдында ғана кіріп, аяқталған соң 48 сағат ішінде шығып кетуі тиіс.
Олардан күн сайын анализ алынады, жүріп-тұруы шектеледі.
Мұның бәрі паралимпиада ойындарының коронавирус індетінің ошағына айналдырмау үшін қажет.
1 шілде мен 22 тамыз аралығында Олимпиада ойындарына қатысы бар 552 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбі Олимпиада комитеті жалдаған жапон азаматтары. Осы күнге дейін коронавирус Параолимпиада ойындарына қатысы бар деген 138 адамнан анықталды, олардың да көбі жапондар.
Бірақ Олимпиада комитеті індеттің тарауы мен ойындардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс жоқ, елде індет онсыз да өрши бастаған дейді.
Жарыс 22 спорт түрінен өтеді. Спортшылар мүгедектігінің сипатына қарай топ-топқа бөлініп жарысады. Бадминтон мен тхэквондо алғаш рет қосылып отыр.
Қазақстан паралимпиадаға жеті спорт түрінен 25 атлет жібермек.
23 тамыз 2021 ж. 373 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 40

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930