Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Қазақстанға шекараны ашуды ұсынды

Қырғызстан Қазақстанға шекараны ашуды ұсынды

Қырғызстан Қазақстаннан шекарадағы шектеулерді алып тастауды сұрады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев пен Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев кездескеннен кейін Қырғыстан СІМ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кездесу қазақстандық тараптың бастамасымен 12 тамызда өткен.
"Екі жақ қырғыз-қазақстан қатынастарындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, шекара маңы салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты", - делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық желісі бойынша тараптар іскерлік кеңесті жандандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ыңғайлы болу үшін шекара маңындағы аумақтарда бірлескен сауда-логистикалық орталықтар құруды жеделдету, сондай-ақ жүк транзиті жөнінде пікір алмасты.

"Қырғыз тарапы екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті мақсатында, Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кіруіне кедергі келтіретін шектеу шараларын тез арада алып тастау қажеттігіне ерекше назар аударды", - делінген хабарламада.

Қырғызстан СІМ басшысы Руслан Қазақбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте қазақстандық тарап көрсеткен гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.

Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев Қазақстандық тарап көмек ретінде, биылғы жылы күздік бидайдың 1000 тонна жоғары өнімді тұқымын беру мәселесін пысықтап жатқанын мәлімдеді.
13 тамыз 2021 ж. 402 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930