Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырға толы Сібір

Сырға толы Сібір

Он сегіз мың ғаламның жұмбағы әлі толық ашылған жоқ. Адамзат сырын ашпаған, байыбына бара алмаған дүние көп. Кейде жұмыр жер бетінде адам айтса сенгісіз оқиғалар болып жатады.
Бірақ соның құпиясына ғалымдар үңілгенімен, ештеңе таба алмай, көкейдегі сауалдар жауапсыз қалады. Өйткені ғылым «бізден тыс абстрактілі өмір бар» дегенді жиі айтады. Тіпті саналы тіршілік иесі өз қолынан келмейтін, бірақ адамзат өмірінде айтулы орын алатын жұмбағы ашылмаған кейбір нысандарды бөгде жұрттықтар не өзге планетадан келгендер тұрғызып кеткен, болмаса бізге дейін де өркениет болған деген тұжырымда.
Шыны керек, саналы адам баласы жалғыз жерде ғана емес, өзге де планеталарда болуы әбден мүмкін. Мұны ғалымдар жоққа шығармайды. Жұрт біле бермейтін жатжұрттықтар жайындағы құпияларды сақтап отырған мемлекеттер мен мекемелер жеткілікті. Ара-тұра әлемдік ақпарат беттерінде де бөгде планетадан келгендермен кездесіп, тілдескен, тіпті, алып кетіп, түрлі тәжірибеден өткізгені туралы жазылған адам айтса сенгісіз дүниелер жарық көріп жатады. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Қысқасы, жұмбағы көп, тылсым тіршілігі көп кейбір жерлер күні бүгінге дейін құпия күйінде. Соның бірі – Сібір. Ресейдің Сібір өлкесі тек табиғи байлығы һәм қаһарлы ауа райымен ғана емес, қойнына жасырған құпияларымен, белгісіз жасырылған қазыналарымен, алтын іздеушілер қазып кеткен құдықтарымен, аномальды жерлерімен құнды. Тіпті Сібір топырағына бөгде жұрттықтар жиі «қонақ» болып тұратыны да көпке белгілі. Оған жеткілікті дәлел баршылық.
1954 жылы Чита қаласы маңында тұратын бір аңшы дәрігерге көрінуге келеді. Беті-басын бозғылт дақ басқан, қолын таңып алған ол өне бойы күйіп-жанып, шыдатпайтынын айтып шағымданған. Қараңғылау жерде қолына ораған дәкені шешкенде, саусақтарының ұшынан ұшқын шығып, үстелдегі газетті өртеп жіберген көрінеді. Дәрігер оның бойында өте қуатты радиация ­барын айтқанда, бастан өткен жайды айтады. Аң қуалап жүрген ол тайганың адам аяғы әлі тимеген бір пұшпағымен жүргенде денесін ток соққандай белгісіз бір күш солқ еткізгенін, кейіннен беті-басында дақ пайда болып, денесі жан шыдатпай қышып, отты кеселге тап болғанын айтады. Кейін арнаулы медициналық орталық аңшының денесіндегі құбылыстарды зерттей келе, қалың орман ішінде бөгде планетадан келгендердің «полигоны» құралдарының әсері болуы мүмкін деген қорытындыға келген. 1991 жылы канадалық «Уикли Уорлд Ньюс» басылымында: 1987 жылы 13 қазанда сағат таңғы 08:35-те әскерилер орман үстінде ақырын қозғалып бара жатқан белгісіз нысанды байқап қалады. Оны америкалық шпион ұшақтардың бірі деп, зымыранмен атып құлатты. Құлап түскен белгісіз нысанның ішінен бастары үлкен, қоңқиған мұрындары, адамға ұқсас белгісіз тіршілік иелері шыққан. Әлгілер қол ұстасып, шеңбер болып тұра қалғанда үрленген шарға айналып, қатты жарылыс болған. Нысан құлаған жерді қоршап тұрған солдаттардың 23-і қаза болып, тек екеуі ғана аман қалған. Ал қаза тапқандардың денесін зерттегенде, ғалымдар олардың терісі тасқа айналғанын көріп таңғалғандығы туралы мақала жарық көрді.
Жалпы сыры беймәлім ұшатын нысандар мен бөгде адамдар жөнінде түрлі зерттеулер жүргізіліп жатқандығы жайлы ақпараттар жеткілікті. Қайсысы шындық, қайсысы жалған екенін айыру мүмкін емес. Бірақ әлемнің әр тұсында аспанда қалықтаған белгісіз ұшатын табақтарды суретке, бейнетаспаға түсіріп үлгергендер көп. Соған қарап дүниенің бір бұрышында тағы бір өркениет бар екеніне көз жеткізгендей боламыз.
1989 жылы Саха (Якутия) елінің оңтүстігіндегі Амгинск жотасында геологиялық барлау жүргізіп жатқан экспедицияның бір мүшесі лагерьден алысырақ ұзап, жабайы жеміс қарап жүріп, кездейсоқ бір тіршілік иесіне ұқсас «мақұлықпен» кездесіп қалған. Тақырбас, терісі сарғайып кеткен, беті тарғыл, өлікке ұқсас адамды көргенде геолог шошынып, біраз уақыт тұрып қалған. Ол белгісіз тіршілік иесі қашып бара жатқанын көріп, соңына түскен. Қуып келе жатып, орманның бір қапталындағы алаңқайға тап болған. Алаңда бірнеше күрке үйлер қатар орналасқан. Олардың сырты тікенек сыммен қоршалған. Әлгі қашқын солардың біріне барып кірген. Сырты әскерилермен күзетілген екен. Сым темірдің арғы бетінде жүргендердің кейбірінің құлағы, мұрны түсіп қалған, денелері алапес құбыжыққа ұқсас жандар. Күзетші оларды әлдеқайда айдап барады. Геологты байқап қалған әлгілердің ит үріп, айналаны азан-қазан қылған. Бірнеше «адам-құбыжықтың» өзіне тұра ұмтылғанын көрген ол тұра қашады. Әлгілер соңынан қалмаған соң, амалсыз атуға тура келген. Құлап түскендер біраздан соң орындарынан қарғып тұрып, қайта қуған. Бірақ оқ әсер етті ме, біраздан соң қайтадан жерге құлаған. Өз ортасына әрең жеткен геолог басынан өткенін жайып салды. Бірақ әлгі жаққа баруға ешкімнің жүрегі дауаламады.
Жұмбақ шахтадағы радиация жұмысшыларға әсер еткені сонша, тіршілік иесіне зияны тиетіндей сыртқы келбеті өзгеріп, адамдардың жаңа түрін қалыптастырған. Сондықтан оларды белгілі орындар қоғамнан оқшаулап, оңаша ұстауға тырысқан. Олар осындай тұжырымға келген. Дегенмен кейбірі «бұл тұтқында отырғандар, Сібірге келіп абайсызда қамауға түскен бөгде жұрттықтар ­болуы да мүмкін» деген пікір айтады. Кейіннен арнаулы орындар геологтарға көрген-білгені ­жайында ауыз ашуға болмайтынын айтып, тыйым салған көрінеді.
Әрине, Сібірге байланысты небір аңыз-әңгімелер жеткілікті. Ғажайып күшке ие, аномальды орындар әлемнің кез келген түкпірінде бар. 1988 жылы КСРО әскери ұшқышы Сергей Колесников Белоруссия жеріндегі әуежайдан ұшып шығып, айтылған межеге қарай бара жатқан кезде бірер секундқа «уақыт иіріміне» түсіп кеткен. «Ойымда ештеңе жоқ, кезекті тапсырмамен көкке көтерілдім. Орман үстінен өте бере кенеттен керемет оқиғаға тап болдым. Айтсам сенгісіз. Төмен жаққа қарасам, артында жаяу әскер шұбырған танкілер от шашып шабуылдап барады. Жер жүзі қып-қызыл майдан, соғыс. Менен төменде қызыл жұлдызы бар ұшақтар, неміс кресі бар екі-үш ұшағын атқылап жүр. Шамасы бұл, осы маңда өткен Ұлы Отан соғысының бір кезеңі болса керек. Есімді жиғанша, бәрі қас-қағымда жоғалып, бүгінгі күнге тап болдым» деді ол ақпарат беттеріне берген сұхбатында.
Мұндай «уақыт иіріміне» Мысырдың әскери ұшқыштары да тап болған көрінеді. «Төменнен құжынаған әскер көрдім. Қолында найза-қылыш. Кескілесіп жатыр. Жер бедері де өзге. Бір таңғалғаным, әлгілердің бірінің үстеріне кигендері баяғы мысыр жауынгерлерінің сауыт-жарағына ұқсап кетті. Шамасы, бұл соғыс біздің дәуірімізге дейін болған қақтығысқа ұқсайды» деседі олар. Бұл еш қоспасыз ащы шындық. Рас, бүгінгі күн адамдары кейде санаулы секундқа болса да «уақыт иіріміне» түсіп кетіп, баяғыда болған өмірді бір көріп қайтып тұрады. Онда да ол жер бетінің осындай бір ғажайып құбылысқа толы санаулы метрлерінде ғана болса керек. Қалай десек те, дөңгелек жер беті құпияға толы. Бәлкім, қырық мың құпияның ешқайсысы да ашылмайтын шығар.

Дайындаған А.БАҚЫТҰЛЫ
10 тамыз 2021 ж. 338 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930