Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызыл ғалам қызығы

Қызыл ғалам қызығы

Қызыл қалам қызығыҚызыл ғалам қызығыТүрлі-түрлі халық болады‚
Күндіз-түні жарық болады…
Дүниенің жүзіне‚
Өре мен темірден жол тартылады…
Адам ақысыз жұмыс істемейді‚
Дүниені түрлеп кестелейді, – деген Мөңке бидің болжамы бүгінде шындыққа айналып отыр. Әрине, бидің замандастары осы өлең жолдарын естігенде жағасын ұстап, шошыған болар. Бірақ бұл қазіргі күннің шындығы. Өре мен темірден жол салынып, жүйіткіген пойыздармен діттеген жерге бірнеше сағатта жететін дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен мұның өзі ескінің көзіне айналып бра жатқандай. Адамдардың жалданып жұмыс істегені былай тұрсын, өзін лобораториялық нысан ретінде тапсырып жатырғанын көріп жүрміз. Жердің көрер жарығы түбі таусыларына шындап сенетін Илон Маск адамзатты Марсқа апаратынын, алайда осы жолда адам шығыны көп болатынын мәлімдеген еді. Жанын қия салатындарды өз еріктерімен жалдап алатынын да айтқан. Ендеше соншама құрбандықты қажет ететін өзге әлемдегі өмір өзіне несімен ынтық қылғанын бірге білейік.
Масктың мақсаты не?
SpaceX және Tesla Inc компаниясының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адамға екеніне мән бере бермейді. Оның басты мақсаты ақша емес, Марсты бағындыру. Осы жолда аянып қалмайтынына төрткүл әлем сенетіндей. Өйткені осы күнге дейін данышпан ғалым қанша дүние жиғанымен түгелдей ғарыш кемелерін жасауға жұмсап жатыр. Алайда ғалымның бұған дейін миллиардтаған доллар жұмсаған бірнеше ғарыш кемесі сынақтан өтпей, жарылып кеткені белгілі.
Мақсатына жетуде асқан табандылық танытып келе жатқан Илон Маск жақын арада Қызыл планетаны одан әрі отарлау арқылы Марсқа ұшуға дайындықты тездету үшін өзінің барлық мүлкін ақшаға айналдырып, сататындығын мәлімдеді. Тіпті жылжымайтын мүлікке мұқтаж емес екенін айтып, тұрғын үйін сатып жіберуге бар. «Ең болмағанда басыңдағы баспанаңды қалдырсаңшы» деген ақылшыларға өзінің Tesla зауытындағы кеңсесінде ұйықтауына болатынын жеткізген. Ал бала шағасы үшін жалдамалы пәтер де жеткілікті көрінеді. Қазірдің өзінде инновация жолындағы кәсіпкердің 100 миллион доллорға жететін жылжымайтын мүлкі бар.
– Мен адамзат үшін ғарыштық өркениетке, планетааралық түрге айналу өте маңызды деп санаймын. Өзге ғаламшарда қала тұрғызу үшін қолда бардың бәрін жұмсаймын. Осы мақсатта мүмкіндігінше көп инвестиция салғым келеді, – дейді ол. Ғалым сондай-ақ адамдардың оны соншалықты бай деп ойлайтыныны жайында: «Жұрт мендегі байлықты көп әңгіме етеді. Жақсы, бұдан былай менің меншігімде дүние болмайды. Бәрін ұлы мақсат жолында сатамын», – деген еді салқынқанды түрмен.
Кәсіпкер Марсқа ұшу экспедиция бағасының өте жоғары болуына байланысты көпшілік үшін қол жетімді емес екенін түсінеді. Сондықтан, Марсты бағындыруға байлам жасаған адамдарға демеуші болмақ ниетте. Сонымен қатар, олардың әрбіріне жаңа планетадан жұмыс тауып беретінін айтты.
Жаңа әлемдегі жаңа заң
Марстың өзі Илон Маск Жерден тәуелсіз деп жариялауды жоспарлап отыр. Бұған дейін ол көпшілік алдында Қызыл планетада Жер заңдары қолданылмайтынын айтқан болатын. Тиісті ережелер Starlink спутниктік интернет желісінде жарияланды. SpaceX Жерден тыс халықаралық заңдарға бағынбайтыны туралы «Басқару заңдары» бөлімінде жазылған. Оның орнына компания өзін-өзі басқару принциптерін орнатады және оларды адамзаттың пайдасына пайдаланады.
Кәсіпкер Марсты өзі шығарған заңдар ғана жұмыс істейтін «еркін планета» деп жариялады. Шарттар бөлімінде Жер мен Айда компания қазіргі заңдарға бағынады. Ал Марста бұл басқа мәселе, мұнда «болашақ колонияның өркендеуіне бағытталған өзін-өзі басқарудың белгіленген қағидалары көрсетілген. Бұл элемент Марста колония пайда болған кезде ғана жұмыс істей бастайды.
Бұл үшін жаңа планета кәрі құрлыққа тәуелді болмау керек екені түсінікті. Маск қажетті ресурстарды Марстан-ақ тауып алатынына кәміл сенеді. Содан да болар жаңа қонысты толығымен автономды әлем қылғысы келеді. Жоба авторы «автономия» сөзін тамақ, су, киім, құрал-жабдық, жанармайға тәуелсіз әлем ретінде түсіну керегін айтқан.
Бәрімізді Маскқа Марс не үшін керек деген сауал толғандыратын анық. Ол адамзат үшін тіршіліктің жойылуына әкелетін ғаламдық проблемалар туындаған кезде қолдануға болатын «жердің сақтық көшірмесі» болуы қажет деп санайды. Әңгіме үшінші дүниежүзілік соғыс, бүгінгідей инфекция сияқты мәселеге келіп тіреледі. Ал алапат апаттың соңы адамзатты құрдымға кетіруі бек мүмкін.
– Егер бізде Falcon зымырандары секілді жүздеген Starship жасайтын болсақ, оның әрқайсысы орбитаға 100 тонна жүкті жеткізетін болады. Ақыры ғарышқа жылына 10 миллион тонна жүк жеткізетін қуатқа ие боламыз», – деп жазды SpaceX басшысы.
Маск әдетте өзінің айтқанын орындайды. Қазір ол Марс бағдарламасын белсенді түрде дамытып, онда пайдалы жүк пен колонистер жібере алатын зымыран тасығыштың құрылысына шындап кірісті. Сонымен бірге, кәсіпкер бұл ең алғашқы көшпенділер үшін оралуға кепілдік берілмейтін тек бару билеті секілді екенін жасырмады. Соның өзінде бастарын бәйгеге тіккен еріктілер қарасы қалың.
Алдымен атом бомбасын тастау керек
SpaceX басшысы Илон Маск Марстағы алғашқы адам колониясын қалай көретінін де айтты. «Сәуегей» сөзіне сенсек, адамдар алдымен әйнек күмбездер астында өмір сүретін болады. Өйткені терраформалау, яғни жерсіну өте ұзақ уақытты алады.
Масктың ізбасарларының бірі кезекті мәлімдеме кезінде Марсқа алғашқылардың бірі болып баратын адамдар қайда тұратынын сұрады. Ол сол уақытқа дейін планета терраформаланатындығын немесе кәсіпкердің SpaceX тіршілік етудің баламалы тәсілдерін ойлап тапқанын білгісі келді.
«Терраформинг - бұл біздің өмірлік цикліміз үшін өте ұзақ процесс. Алайда, біз [Марста] адам базасын құра аламыз. Кем дегенде, кейбір ғарыштық өркениеттер біздің қирандыларымызды болашақта тапқанда, олар біздің қаншалықты жетістікке жеткенімізді көріп, таңғалады », – деді Маск.
Илон Маск бірнеше жыл қатарынан Марсты жер планетасында қоныстандыру жоспарларын жасады. 2015 жылы Стефан Колбертпен өткен кеш шоуда сөйлеген Маск қызыл планетаны жылытуға болатын болса, оны екінші Жерге айналдыруға болатындығын мәлімдеді. Ол үшін алып мұздықтарды еріту және парниктік эффект туғызатын атмосфераға көмірқышқыл газының үлкен мөлшерін шығару үшін Марсты ядролық бомбалауды ұсынды.
2018 жылы NASA Масктың бұл жоспарынының сәтсіздікке ұшырайтынын дәлелдеп берді. Өйткені ядролық бомба құлағаннан кейін бөлінетін көмірқышқыл газы планетада қолайлы температураны ұстап тұру үшін жеткіліксіз болады. Алайда, Маск үмітін үзбейді. 2024-2026 жылдарға дейін инженер Марсқа экипажбен бірге алғашқы Starship миссиясын жіберуге уәде берді. Компанияның оптимистік болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Марста кем дегенде бір миллион адам өмір сүреді.
Қоныс үшін құрбандық
Илон Маск Марсты жаулап алу туралы X Prize қорының басқарма төрағасы Питер Диамандиске берген сұхбатында да қозғады. SpaceX басшысының айтуынша, Қызыл ғаламшарды жаулап алудың бастапқы кезеңінде көптеген адамдар өлуі мүмкін.
– Шынымды айтсам, басында көптеген адам өлуі мүмкін. Сіз білесіз бе, бұл моральды тұрғыда өте қиын болады. Десек те, біз ешкімді мәжбүрлемейміз, тек еріктілерді қабылдаймыз, – деді Маск. Жалпы алғанда, бұл өте айқын нәрсе, өйткені планетааралық ұшуда және Қызыл Планетаның одан кейінгі отарлауында өте көп тәуекел бар. Сондай-ақ бір нәрсенің дұрыс емес болып кету ықтималдығы өте жоғары. Сондықтан еріктілер Марсқа ұшу «қауіпті» және «ыңғайсыз» болатынын білуі керек. «Бұл ұзақ сапар және сіз тірі оралмауыңыз мүмкін. Алайда бұл керемет шытырман оқиға және таңғажайып тәжірибе болады», – деп аяқтады Маск.
Менталитеті бөлек болғасын болар Илонның сөзді жеткізуі, қиял-ғажайып идеясы көпшіліктің көңіліне қорқыныш ұялататыны бар. Десек те данышпанның әрбір сөзіне сенуге болатын секілді. Себебі бүгінде ғалым қолданысқа енгізген электронды валюта жалғызкөзді долларды, электромобильдері түрлі бренд автокөліктерді басып озу алдында тұр. Адамзат тарихында қиялды шындыққа айналдырған ғалымдар көп. Алайда Илон Маск – бөлек ғалам.
Естеріңізге сала кетейік, SpaceX 2030 жылға қарай Марсқа адамдарды жібереді деген болжам айтқан. Алайда, Масктың айтуы бойынша, ұшу әлдеқайда ертерек – 2024 жылы болуы мүмкін. 2024 жылы SpaceX ғарыш кемесі NASA астронавттарын Айға жеткізуі керек. Сонда стационарлық база да салынуы тиіс.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
27 шілде 2021 ж. 352 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930