Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекиядағы орман өрті теңізге жетті

Грекиядағы орман өрті теңізге жетті

Грекия үшінші күн қатарынан елдің көптеген аудандарындағы өртті сөндіре алмай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалын мыңдаған гектар орманды шарпыған, қазіргі кезде ол Аттиканың солтүстік-шығысына қарай жылжып барады. Ғимараттар өртеніп, жабайы аңдар қырылып жатыр. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Тұрғындардың көбі бір түн ішінде баспанасыз қалды.
Афина-Салоники жалпыұлттық автомагистралінің екі жағы отқа оранған.
«Қазіргі бағалау бойынша, Афинаның солтүстігіндегі өрт Ұлттық жолды үш түрлі жерде шарпыған. Бофорт шкаласы бойынша 6 балдық екпінді жел өртті одан сайын күшейтіп, өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіруде. Жаңа тұтану ошақтары пайда болуда», хабарлайды Euronews агенттігі.

Афинаға жақын жерде өрт сөндіру кезінде ер адам қаза тапты. Оны электр бағана басып қалған. Кем дегенде тағы он адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Грекияда 56 табиғи өрт сөндіріліп жатыр. Ең ауыр жағдай Эвбеяда.

Жалын негізгі орманды шарпып, ірі тау сілемі бойынша бірнеше бағытта таралып барады. Тіпті теңіз жағасына шейін жетті. Жүздеген адам қайықпен эвакуацияланды. Отпен күресуге 240 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Гректерге Франциядан, Швейцариядан, Швециядан және Румыниядан әріптестері көмек көрсетуде..

07 тамыз 2021 ж. 419 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031