Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемге әйгілі 7 әйел

Әлемге әйгілі 7 әйел

Режиссура әлі күнге дейін ерлердің кәсібі болып саналады. Бірақ осы салада шыңдарды бағындырған әйелдер де аз емес. София Коппола, Кэтрин Хардвик және Кэтрин Бигелоу сияқты әйгілі режиссерлар сөзімізге дәлел.
Кэтрин Бигелоу ең табысты әйел режиссерлердің ондығына кіреді. Джеймс Кэмеронның бұрынғы әйелі әлемдік кино тарихына «Дауылды жеңген» (Hurt Locker, 2008 жыл) фильмімен «Үздік режиссер» номинациясы бойынша 2008 жылы «Оскар» алған алғашқы әйел ретінде жазылды.
Кэтрин Хардвиктің сенсациялық алғашқы фильмі «Ымырт» (Сумерки) вампирлік дастаны әлі күнге дейін жастардың қиял түкпірін қозғайды. Содан бері Кэтрин бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды және тағы бірнеше таңғаларлық фильм түсірді. Соның ішінде «Он үш» (2003 жыл) және «Қызыл телпек» (2013 жыл) фильмерін ерекше атауға болады.
София Копполаның кино әлеміне апарар жолын бала талантын байқаған әкесі, әйгілі режиссер Фрэнсис Форд Коппола ашқан.
София Коппола өзінің мансабын жас, батыл және ауқатты адамдар туралы түпнұсқа фильмдер түсіруден бастады. Ол «Аударма жасаудың қиындығы» (Lost In Translation, 2003 жыл) фильмі арқылы «түпнұсқа сценарийі» үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, ол «Өзіне қол жұмсаған пәк қыздар» (The Virgin Suicides, 1999 жыл) , «Элиталық қоғам» (The Bling Ring, 2003 жыл), «Мария Антуанетта» (Marie Antoinette, 2015 жыл) фильмдерімен танымал.
Клер Дени – режиссер мамандығын игерген танымал әйел. «Шоколад» (1998 жыл) фильмі әлемге танымал болғаннан кейін, Клер француздар тақырыбын жалғастырып ондаған туындыны жарыққа шығарды.
Сюзанна Бир – дат режиссері. 2006 жылы түсірген «Үйлену тойынан кейін» фильмі үшін «Оскар» алған режиссер танымалдылыққа ие бола бастайды. Оның әйгілі кинотуындыларының арасында Пирс Броснан басты рөлде ойнаған «Ағайындылар» (2004 жыл), «Сүйіспеншілік сізге қажет нәрсе»(2012 жыл) сияқты фильмдер бар.
Джейн Кэмпион – жазушы, сценарист, талантты кинорежиссер. Танымалдылыққа ықпал еткен «Пианино» (1993 жыл) фильмі бірден екі сыйлықпен – Канн кинофестивалінде «Алтын пальма» сыйлығымен және ең үздік сценарий үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталады.
Сэм Тейлор-Джонс – британдық кинорежиссер, сценарист, сонымен қатар актриса және продюсер. Сэм өзінің шығармашылық мансабын 1990 жылдары суретші ретінде бастайды. Бірақ бірнеше жылдан соң киноға қызығушылық танытқан ару 90 жылдардың соңында режиссерлік дебютін «Сәйкессіздік» (1996 жыл) фильмін жарыққа шығарады. Содан кейін «Көруге тыйым салынады!» (2006 жыл), «Сені қатты сүйемін» (2008 жыл), «Сұрының 50 реңі» (2015 жыл) фильмдері шықты. Өнер әлемінде әр кинотуынды өз орны бар.

Дина БӨКЕБАЙ
24 шілде 2021 ж. 646 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930