Коронавирустан қорыққан отбасы 15 ай бойы үйден шықпай қойған
Үндістанның Андхра-Прадеш штатында COVID-тен қорыққан отбасы 15 ай бойы үйден шықпай отырған. Полиция оларды мәжбүрлі түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Кадали ауылының басшысы Чоппала Гурунатхтың айтуынша, коронавирустан тығылған отбасы шатырлы үйде тұрады. Отағасы – Чуттугаллы Бенни. Әйелі және екі үлкен қызы бар. Төртеуі коронавирусты жұқтырудан қорқып, былтырдан бері адамдармен араласпай қойған.
"Олар коронавирустан қатты қорыққан. Содан үйді ішінен бекітіп алып, 15 ай бойы далаға шықпай қойыпты", - дейді Гурунатх.
Ол үйге жас волонтер бармағанда жергілікті билік "қамауда" отырған отбасы жайында білмейтін еді. Ерікті оларға жер телімінің берілгенін айтуға барған. Ал есікті қаққанда үй иелері ашпай қойыпты. Әйел және оның 30 жастағы қыздары коронавирустан қорқатынын, ал далаға шықса, өліп қалатынын айтқан. Сөйтіп еріктіні үйге кіргізбейді. Артынан отбасының туыстары да жергілікті билікке хабарласып, үйде тығылып отырған отбасының жағдайы нашарлап кеткенін жеткізген.
"Волонтер бізге жағдайдың мән-жайын жеткізгеннен кейін бәріміз сол жерге бардық. Олар кішкентай шатырда тұрады. Тіпті сол жерде дәрет сындырған. Біз жергілікті тұрғындар мен полицияның көмегімен оларды ауруханаға жатқыздық. Қазіргі кезде барлығы емдеу курсынан өтіп жатыр", - деп атап өтті Гурунатх.
Оның айтуынша, әйелдердің жағдайы қиындап кеткен. Олар көптен бері жуынбаған, шашын да қидырмапты. Жергілікті билік екі-үш күнге кешіккенде әйелдер өліп кетуі мүмкін еді.