Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр

Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр

Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.

Әлем мұсылмандары пандемия салдарынан екі жыл қатарынан қажылықтан бас тартуға мәжбүрОсы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз. Пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіздер. Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек. Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті. Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді. Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар. Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.
22 шілде 2021 ж. 1 350 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 59

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 92

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 70

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031