Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ коронавирустың қайта өршуіне байланысты мәлімдеме жасады

ДДСҰ коронавирустың қайта өршуіне байланысты мәлімдеме жасады

COVID-19 ахуалы өршуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеме жасады. Ол бай елдерді вакцинаны кедей елдермен бөлісуге шықырды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

«10 аптадан бері азайған өлім көрсеткіші қайта өсуде. Бізге әлемнің барлық өңірлерінен ауруханалардың қайтадан толып жатқаны туралы хабарлар түсуде. Вирустың Delta нұсқасы жұқтыру жағдайлары мен өлім санының өршуіне әкелуде», деді Тедрос Женевадағы брифингте.

Қазіргі кезде Delta әлемнің 104 елінде анықталған. ДДСҰ басшысының айтуынша, ол әлем бойынша ең көп таралған нұсқаға айналмақ.

«Вакцинамен қамту төмен елдердегі ахуал қиын. Delta және басқа нұсқалар мұндай елдерде жұқтырудың қауіпті толқынын тудырып, ауруханаға түсу мен өлімнің жоғары көрсеткіштеріне әкеледі», деп атап өтті ДДСҰ-ның басшысы.

Оның айтуынша, тіпті алдыңғы толқында өздерінің денсаулық сақтау жүйелерінің арқасында инфекцияның масштабты өршуін алдын алған елдердің өздері бүгінгі күні пандемия эпицентрінде қалып отыр.

ДДСҰ-ның бас директоры тек қана вакцинаның көмегімен дағдарыстан шыға алмайтымызды мойындады, алайда, оның айтуынша, вакциналау – вируспен күрестегі қолда бар құралдардың ең тиімдісі.

«Біз бүгін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың өршуін бастан кешудеміз. Ол, өз кезегінде, адамдардың өміріне, олардың тіршілік ету құралдарына және әлем экономикасын қайта қалпына келтіруге одан сайын қауіп төндіріп отыр», деді ДДСҰ-ның өкілі.

Оның айтуынша, ахуал вакцина қоры аз жерлерде нашар, дегенмен пандемия еш жерде біткен жоқ.

«Қазіргі ұжымдық стратегия менің есіме орман өртімен күресуші өрт сөндіру командасын салады. Су құю арқылы бір жердегі алауды ауыздықтауға болады, бірақ басқа жерде от лаулап тұрса, шоқтар жан-жаққа тарап, қайтадан қорқынышты жалынға айналады», деді Тедрос.




14 шілде 2021 ж. 770 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930