Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстан Covid екпесін салдыруды міндеттеуге көшті

Тәжікстан Covid екпесін салдыруды міндеттеуге көшті

Тәжікстан билігі 18 жастан асқан азаматтарын коронавирус вакцинасын салдыруға міндеттей бастады.

Аурумен күрес жөніндегі республикалық штаб шетелден оралып жатқан азаматтарды ПТР тестінің нәтижесінің қандай болғанына қарамастан 10 күн бойы оқшауда болуға шақырды.

Коронавирустың тарауы жылдам екенін ескерткен штаб той өткізгенде қонақ санын азайтуды ұсынып отыр.
Азаттық радиосы Тәжік қызметінің жазуынша, елде коронавирустың жаңа варианты тез тарап жатса да, ресми статистикадағы көрсеткіштер жоғары емес. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2 шілде күні елде коронавируспен бар-жоғы 25 адам тіркелген, екі адам қайтыс болған.

Ресми статистика бойынша, індет басталғалы Тәжікстанда коронавирусты барлығы 13,5 мың адам жұқтырған, 92 адам көз жұмған. Тәуелсіз сарапшылар ресми дерекке күмәнмен қарайды, сандар бұдан жоғары болуы ықтимал дейді.
РБК басылымының хабарлауынша, Тәжікстанда қазір үш вакцина бар: Ұлыбритания мен Швеция компаниялары әзірлеп, Үндістанда өндірілген AstraZeneca екпесі және қытайлық CoronaVac екпесі.
04 шілде 2021 ж. 904 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031